148
7.1
2
10
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ,
СЕМАНТИКАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Байкабилов Усербай Алимханович,
Шыршық
мемлекеттік
педагогика
университеті,
Өзбек
тіл
білімі
кафедрасы доцент м.а.
Аннотация:
Ғалымның əрбір грамматикалық бірлікті сипаттауы қазіргі
еңбектермен салыстырыла қарастырылып, қазақ тілінің грамматикалық бітім-болмысын
берудегі Ахмет Байтұрсынұлының айрықша лингвистикалық
таланты дəлелденді.
Кілтті сөздер:
дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі, бастауыш атау тұлғада
тұрған зат есім жəне заттанған басқа сөз таптары.
Аннотация.
Описание каждым грамматическим единством ученого сравнивается с
современными трудами, доказывается исключительный лингвистический талант Ахмета
Байтурсынова в придании грамматического мира казахскому языку.
Ключевые слова:
звуковая система, система слов, система предложений, начальное
имя существительное, стоящее в лице, и другие классы слов
Ғылым ешқашанда бір орында тұрақтап қалмайды. Бұл белгілі жайт. Қай
сала болмасын уақыт озған сайын өркендей түсіп, қанатын кеңге жая түседі.
Жəне бұл даму бұрынғыны жоққа шығару арқылы емес, керісінше, ескі
білімнің негізінде жаңаның пайда болуы арқылы жүзеге асып отырады. Осы
тұрғыдан
келгенде,
А.Байтұрсынұлының
тілдік
мұрасы
ешқашан
сарқылмайтын қайнар іспеттес. Сол қайнардан бастау алатын тарам-тарам
бұлақтар бүгінгі күні арнасы толып қуаттанған шалқар көл тəрізді.
А.Байтұрсынұлының лингвистикалық мұрасы уақыт өткен сайын жаңа
қырымен, идеяларының өміршеңдігімен таныла түсуде. Ғалымның əрбір
грамматикалық бірлікті сипаттауы қазіргі еңбектермен салыстырыла
қарастырылып, қазақ тілінің грамматикалық бітім-болмысын берудегі Ахмет
Байтұрсынұлының айрықша лингвистикалық
таланты дəлелденді. Демек,
Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық мұралары екі нəрсенің бастамасы
болып табылады: біріншіден «тіл туралы білімнің» бастамасы, екіншіден, «тіл
туралы ілімнің» бастамасы. Біріншісін ғалым еңбектерінің оқу-ағарту
саласындағы орны құраса, екіншісін қазіргі кемелдене түскен тіл салаларының
өз бастауын Байтұрсынұлы пікірлерінен бастау алатындығы құрайды.
Қазақ тіліндегі ғылыми дəстүрді Байтұрсынұлы жалғастырушы емес,
бастаушысы болғандығын айтудан жалықпаймыз. Бастаушы болғаннан кейін,
ғылым салаларының категориялық аппаратын Ахаңның өзі жасауға,
қалыптастыруға тура келді. Кез-келген ғылым саласы ең əуелі, оның ғылым
149
7.1
2
10
ретіндегі қаңқасын құрайтын басты ұғымдардан, терминдерден тұрады. Ғылым
одан əрі дамыған сайын негізгі ұғғымдар бөлшектеле түсіп, жаңа салалар,
ұғымдар пайда болады, олар тың терминдік атауларға ие болады.
Ахмет Байтұрсынұлының лингвистикалық білім саласы бойынша бүкіл
терминдік жүйені жасаған: дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі. Аталған
терминдік жүйелер сөз ішінен тар мəндегі өзге ұғымдарға ажырап
парадигмалық қатар құрайды.
А.Айғабылұлы өз мақаласында Ахмет Байтұрсынұлынының тіл білімінен
қалдырған мұрасын ойлағанда, баға беріп, салмағын сарапқа салғанда екі түрлі
жол бар деп көрсеткен. Оның біріншісі, əрбір еңбек иесінің қай заманда, қандай
ортада қызмет еткеніне қарай өлшеп, өз дəуірінің мүмкіндігімен бағалау. Бұл,
негізінен, бұрын өткен тарихи кісілердің қай-қайсысына да баға бергенде
ұстанатын нысан болуы тиіс. Ал екіншісі, тарихи тұлға мұрасының қазіргі
тыныс-тіршілігімізге тікелей əсер етер қадір-қасиеті бар ма? Анықтап айтсақ,
мұра тек асыл мұра ретінде бағаланбай бүгіндері басшылыққа алып,
пайдалануға жарай ма? Жараса, оның қазіргі тіл білімін толықтыратын қандай
артықтығы, озық түйіндері бар деген мəселе анықталуы керек деген.
Біз осы жолдың соңғысына ойсып, Байтұрсынұлы жазған «Тіл –
құралдың» қазіргі қазақ тілін зерттеу жұмысымен оны оқытудағы теориялық
жəне практикалық маңызына тоқталмақшымыз.
Қазіргі қазақ тілі Ахмет Байтұрсынұлы заманымен салыстыруға
келмейтін сапаға көтерілді, маман ғалымдардың саны да сапасы да өзгерді.
Осындай жер мен көктей айырмашылығы бар қазақ тіл білімін XX ғасыр
басында жазылған бастауыш сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсынұлының
шағын көлемді еңбегімен салыстырып, бағасы артық тұсын көрсету ойға келе
қоймайтын мəселе. Десек те, осындай тұстардың барына көз жеткен соң ғана
қалам тартып отырымыз.
Бір қызығы, бұндай материалдар көптеп табылады. Біз бұл хабарламада
тек бастауыш пен баяндауыш туралы ғана əңгіме қозғамақпыз.
Қазіргі қазақ тілі оқулықтарында «бастауыштық қызметте заттың
сындық, сандық, қимылдық сапасын білдіретін сөздер де жұмсала береді», - деп
сын есім, сан есім, есімшелерден болған бастауышты келтіреді де, олардың
субстантивтеніп тұрғанын ескертеді. Ал олар не үшін заттанып тұр? Бұл
сұраққа жауап жоқ. Сондықтан да «бəйгені озған алады», «берген ұят емес,
алған ұят» деген сөйлемдердегі «озған, берген, алған» сияқты есімшеден болған
бастауыштарға не қылған? не еткен? деген сұрақ қойылады.
150
7.1
2
10
Ал бастауыш сыныпқа арналған Байтұрсынұлының шағын оқулығында
бастауыш болатын сөз – атау тұлғасындағы зат есімдер деп, бастауыш мейлі
зат есім, сын есім, мейлі есімдік, етістік, үстеу, одағай болса да кім? не?
сұрағына жауап беретінін ашық айтып отырады.
Шындығында, бастауыш сөз табынан болса да, атау септігінде тұру
арқылы ғана заттанады. Бірақ заттанған сөздің бəрі бастауыш бола алмайды. Ол
тек атау септігінде тұрғандықтан бастауыш болады. Сын есім ілік, табыс, барыс
т.б. септікте тұрып та заттануы əбден мүмкін! Себебі септік жалғау тек зат
есімге тəн. Септік жалғаулары қандай сөз табына жалғанса да, оны
заттандырып жібереді. Бірақ олардың бəрі (заттанған сөздер) бастауыш атқару
құқығына ие бола алмайды. Солардың ішінде тек атау септігінде тұрып
заттанғандары ғана бастауыш болады.
Сөздердің заттануының бақа жолдары да бар. Мəселен, көптік, тəуелдік
жалғау арқылы да заттану амалы іске асады. Айталық, «жақсылар, оқығандар,
жақсым, оқығаным». Бұлар да тек атау септігінде тұрып бастауыш болады.
Демек, бастауыш болу үшін заттану бірден-бір белгі бола алмайды. Барлық зат
есім жəне заттанған басқа сөз таптары атау септігінде тұрғанда ғана бастауыш
болады. Кейбір ғалымдардың түсінігінше, зат есім жалғаусыз тұрса, атау септігі
болып есіптеледі. Тіпті де олай емес. Мəселен: Ағаш өсіп тұр. Ағаш əкелдім.
Ағаш қасық көрдім. Мынау – ағаш, - деген сөйлемде «ағаш» сөзі төрт рет
ешқандай жалғау жалғанбай қолданылып тұр. Бірақ төртеуі де атау септігінде
тұрған жоқ. Ағаш өсіп тұр - деген бірінші сөйлемде ғана, ағаш сөзі атау
септігінде тұрып, «өсіп тұр деген» баяндауышпен қиыса байланысып бастауыш
болып тұр. Ал екінші сейлемдегі «ағаш» толықтауыш (нені əкелдім?), үшінші
сөйлемде қатыстық сын есімнен болған анықтауыш (қандай қасық?), төртінші
сөйлемде баяндауыш (жіктік жалғаудың 3-шақ нольдік тұлғасында) қызметін
атқарып тұр. Ал А.Байтұрсынұлының пікірі қандай? Ахмет Байтұрсынұлы, зат
есім болсын, заттанған басқа сөз табы болсын, атау септігінде тұратынын
шегелеп айтып отырады да, олардың қай сөз табынан болғанына қарамай
сұраулары кім? не? болатынын көрсетіп отырады. «Жығылған күреске тоймас»
дегендегі есімшеден болған бастауышқа, кім күреске тоймас? деп сұрақ қояды.
Басқа сөз төптарынан заттанған, бастауыш болған сездердің зат есім сұрағына
ғана жауап беретінін түсіндіріп те отырған. Ол сан есімнің заттанып бастауыш
болатынына «Берерменге бес те көп, аларманға алты да аз дегендегі» бес, алты
сездерінің түсінігін «Құр ғана сан болса, азсынуға да, көпсінуге де орын болмас
еді: «бесеу», «алтау» нəресіз құр сан болса, берермен бесеу түгіл мыңын
151
7.1
2
10
көпсінбес еді, аларман алтау түгіл бірін де азсынбас еді. Берермен көпсінетіні,
аларман азсынатыны - берілетін, алынатын құр сан емес, нəрсе болғандығы.
Мұндағы «бесеу» мен «алтау» сан ғана емес, нəрсені де көрсетіп тұр», - дейді.
Байтұрсынылы бастауыш болатын сөз таптарының грамматикалық
тұлғасы арқылы үлкен теориялық мəселені ашумен бірге оқушыға түсіндірудің
де оңай жолын тапқандығын бұл жерде байқау қиын емес.
Қазіргі оқулықтарымызда етістік те, есім сөздер де түбір күйінде,
ешқандай баяндауыштын қосымшасы жалғанбай-ақ баяңдауыш бола береді.
Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылуы керек», - деп сен шық,
сен кел, Жамал отызда, ол тəртіпті, Айнұр – мұғалім дегендей мысалдар
келтіріледі.
Шындығында, шық, түс, отызда, тəртіпті, мұғалім сөздері «ешқандай
баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ баяндауыш» болып тұрған жоқ. Бұлардың
қай-қайсысы да жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Мəселен, «шық» етістігі түбір сөз бе, жоқ жіктеліп баяндауыш болып
тұрған сөз бе? Байқап көрейік. Шық, отыр, бар, кет, кел сияқты түбір тұлғада
тұрумен бірге бұйрық райдың ІІ жақ формасында тұрып та дəл осылай
айтылады. Бірақ екеуі бір форма емес, басқа-басқа формалар. Бұйрық райдың
жіктелуін көрейік: Мен шығайын. Сен шық. Ол шықсын.
Осындағы екінші жақтағы «шық» сөзі нолдік формада тұр. Ал ол нолдік
форманы түбір сөзбен шатастыруға болмайды. «Сен шық» дегендегі «шық» сөзі
де нөлдік форма.
Ал осы ойымыздың дұрыс бұрыстығын білу үшін Байтұрсынұлына
жүгініп көрелік. Ахмет Байтұрсынұлы «Баяндауыш бастауышқа жақтарымен
ғана жанасып, қиындасады... Мұнда өр жақ өз жағымен жанасу жалғыз
етістіктен болған баяндауыш емес, басқа сөз таптарынан болған баяндауышта
да бар. Мысалы, мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз, сіз жассыз», т.б.
Ақаңның кішкентайларға арналған жұқа оқулығында кесіліп жазып,
дəлел келтіріп жатуға орын жоқ. Бірақ осы қысқа баяндаудың өзінде
жіктелмеген сөздің баяндауыш бола алмайтынын тайға таңба басқандай
керсетіп отыр.
«Айнұр - мұғалім» деген сойлемдегі «мұғалім» сөзінің III жақта түрғаны
да анық. Кей студенттер бұл жəйтті тіпті теріс түсініп, Айнұр – бастауыш,
мұғалім – баяндауыш, екеуі де атау септігінде тұр деп шатасады. Мен
мұғаліммін, сен мұғалімсің, ол – мұғалім дегендегі «ол» сөзінің орнына Айнұр,
152
7.1
2
10
Асан, Жəмила, Қанипа деп кісі атының кез келгенін қоюға болатынын Ахаң XX
ғ. басында-ақ түсінген.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің айтқандарын шегелеп, «Етістіктен басқа сөз
таптары баяндауыш болса, олар етістік көмегімен ғана болады. Оларға көмек
болатын көмекші етістіктер. Көмегі үртіс көріне болмай, көрінбей болатын да
орындары да бар. Бірақ түбін қазып, қарастырып келгенде, баяндауыш болған
жерде етістік бар екені дауысыз болып шығады», - дейді де «ет аз болды»
дегенде етістік көрініп тұрса, ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек
дегенде жапырақ, шүберек кемекші етістіксіз-ақ баяндауыш болып тұрған
себебіне көшеді. «Мұнда да етістіктің жасырын көмегі бар. Ол көмегі
жоғарыдағы мысалға алынған сөйлемдерді қысқартпай толық түрінде айтсақ,
көрінеді. Мəселен: Ағаш көркі жапырақ болады. Адам көркі шүберек болады
десек, қысқартып айтқанда көрінбей тұрған көмекші етістік, «болады»
толықтырып айтқанда шыға келеді», - деп түсіндіреді.
Демек, А.Байтұрсынұлының баяндауыштың жасалу жолы туралы
көзқарасы біздің ойлағанымыздан өзгешелеу, өзгешелеу болғанда дəлелі басым
жатқан сияқты. Себебі етістіктің формаларын ашып көрсету қазіргі кезде
қиындық туғызбауы керек. Есім сөздер баяндауыш қызметін атқаратынын
ажыратсақ та, оның етістік көмегімен немесе есім сөздің етістіктеніп барып
вербализация
жолымен
баяндауыш
болатынын
А.Байтұрсынұлындай
аңғармаған екенбіз. Шындығында, есім сөздер жіктеледі дегенді көп айтамыз,
бірақ оның неге жіктелетініне жауап іздемегенбіз. А.Байтұрсынұлын оқып,
ойын сараптасақ, есім сөз жіктелсе, ол да етістік сияқты баяндауыш болу үшін
жіктеледі екен. Жіктелген қандай сөз табы болса да тек қана баяндауыш
қызметін атқарады. Реті келгенде айта кетейік, тілімізде меңгеру амалы арқылы
құрылған етістікті сөз тіркестері жиі кездеседі де, меңгеріле байланысқан есімді
сөз тіркестері сирек қолданылады. Өйткені сөз тіркесінің меңгеруші сыңары əр
уақытта жіктік жалғаулы болып келеді. Етістікті меңгеруші сыңардың жиі
ұшырауы, етістіктердің өзіне тəн жіктік жалғауын қабылдап меңгере
беретіндігінде. Ал есім сөздерге жіктік жалғау тəн емес. Сөз тіркесін оқытқанда
да меңгеруші сөздің əрқилы жіктеліп тұратынын, баяндауыш қызметін
атқаратынын еске салудың маңызы зор.
Мысалы, меңгеріле байланысқан есімді тіркестердің бағыныңқысы барыс,
жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірінде тұратыны белгілі. Осы
септіктегі меңгеріле байланысқан есімді тіркестерге мысалдар алып, олардың
153
7.1
2
10
басыңқы сыңарына көңіл бөлейік. Мысалы, маған шын, саған өтірік; білгенге
маржан; базарда жоқ, бізден жақсы; ісімен мықты.
Осындағы шын, өтірік, маржан, жоқ, жақсы, мықты сөздері белгілі
формада тұрмай-ақ тіркестің басыңқы сыңары болып тұрған сияқты.
Шындығында, бұлардың бөрі де жіктік жалғаудың 3-жақ формасында тұрып,
баяндауыш болып тұр. Сондықтан бұлардың үш жақтағы парадигмасымен
түсіндірсек, өзіміз де, студент те жаңылыспас еді.
Тағы бір айта кететін мəселе, -ды, -ді даралау, күшейту деп түсіндіріп
келеміз. Оқулығымызда Олар – елге пана-ды. Олар – елге аға-ды (Н.Байғанин)
деген мысал береді. Ойланып оқысақ, осы сөйлемде -ды демеулігі аталған
мағынаның біреуінде беріп тұрған жоқ. Егер -ды демеулігін түсіріп «Олар –
елге пана, олар – елге аға» деп оқысақ нақталық, күшейткіш мағынаның
түскенін байқамаймыз. Керісінше, басқа бір шақтық мағына өзгереді, -ды мен
айтқанда, өткен шақ аңғарылса, оны түсіріп айтқанда, осы шақ пайда болады.
Бұл жағдайды қалай түсінуге болады?
-ды демеулігі нақтылау, күшейту мағынасын емес, өткен шақты
білдіретін көрсеткіш болып шағады. Бұл жағдайды кезіне М.Балақаев та
байқап, бұл тұлғаның «еді» етістігінен ықшамдалып қалыптасқанын айтқан
болатын.
-ды, -ді тұлғасының «еді» көмекші етістігінің ықшамдалғаны болса, есім
сөздің баяндауыш болуы үшін көзге көрініп тұрған кезі пана-ды, аға-ды
баяндауыштары болады да, -ды, -ді тұлғасын түсіріп айтқанда жасырып тұрған
(жапырақ, шүберек баяндауышы сияқты) кезі болып шығады. Осы мəселені жіті
аңғарған Ахаң -ды, -ді тұлғаларын демеулік деп есептемейді. Өткен шақ
формасын жасаушы тұлға, деп түсіндіреді.
Егер осы үлгіні ұстансақ мына мəселелердің басы ашық, айқын болып
шығар еді:
1. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерді есім сөздерді меңгеру үшін
жіктеліп, А.Байтұрсынұлы айтқандай, етістіктеніп тұратынын білеміз.
2. Меңгеруші есім сыңары əрқашан сөйлемде баяндауыш болып келетінін
аңғарамыз.
3. Есім сөздердің жіктелгенде 3-жақ формасының нольдік формада
тұруын басқа формадан ажыратуға көмек жасайды.
Бұл мəселе əрі баяндауышты түсінуге, морфологияда шақ категориясын
оқытуға көп көмегі бар. Сондықтан -ды, -ді тұлғасын демеулік деп оқытудың
өзін өзгерту керек болар дегендей ой тастағымыз келеді.
154
7.1
2
10
Сонымен А.Байтұрсынұлындай бастауыш атау тұлғада тұрған зат есім
жəне заттанған басқа сөз таптарынан ғана жасалады, ал баяндауыш жіктік
жалғау жалғанған етістік пен етістіктенген (вербализация) басқа сөз таптарынан
болады деп түсінсек, тек А.Байтұрсынұлының əруағын құрметтеу ғана емес,
өзіміз оқитын жақтан қазақ тілінің теориялық дəрежесін оқыту əдісін көтеріп
жетілдіре түсуіміз қажет.
Қорыта айтқанда, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ғалым Ахмет
Байтұрсынұлының қалдырған тілтанымдық мұрасын таратып, насихаттап,
талдап зерттеумен бірге болашақ тіл мамандарының содан нəр алып, ойын
терең сіңіріп, оқып-үйренуі – маңызды іс. Білім беру жүйесінің қай
баспалдағын болса да ұйымдастыру ісінем араласатын азаматтарымыз үшін
сындарлы əрекет жəне бүгінгі, кейінгі ұрпақтың парызы болған жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1
Əбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе. – Алматы: «Арда»,
2007. – 296 б.
2
Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер
(Құраст.Шəріпов Ə., Дəуітов С.) –Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.
3
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы,
«Алаш»,2003. – 355 б.
4
Байтұрсынов А Бес томдық шығармалар жинағы, -3-т. Тіл құралы (қазақ
тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы: «Алаш», 2005 –352 б.
5
Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: Ғ.Əнес. –
Алматы: «Абзал-ай», 2013. – 640 б.
6
Байкабилов У. Қазіргі қазақ əдеби тілі. Т.: 2023.
7
Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы, 1990. – 286 б.
8
Шалтабайұлы Қ. Ахмет Байтұрсынов еңбектеріндегі лингвистикалық жəне
лингводидиктикалық мəселелер/ Қ.Шалтабайұлы // Қазақ тілі мен əдебиеті.
–2003. –№9. –66 б.
9
Ыбыраймжанов Қ.Т. Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы
педагогикалық мұралары. – Алматы, 2001. – 150 б.
10
Байтұрсынов А. «Тіл жұмсар». Тіл тағылымы./Құраст. Əнесов Ғ., Мектепов
А. – Алматы:Ана тілі, 1992. – 445 б.
11
Малдыбай А.Д. «Ахмет Байтұрсыновтың əліпби реформасы» /
А.Д.Малдыбай // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы – Вести КазНУ.
Сер. филологическая. – 2010. –№6. – 201 б.
12
Кəріпұлы Ө. Тұғыр: ұлттық тəрбие сабағы / Ө.Кəріпұлы. – Астана: Елорда
жастары, 2011. –400 б.
