Авторы

  • Нұрлан Усманов
    Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университеті аға оқытушысы

DOI:

https://doi.org/10.71337/inlibrary.uz.arims.50161

Ключевые слова:

новые медиа новый тренд медиакоммуникация социальные медиа цифровые медиа новые тренды в СМИ.

Аннотация

В последние годы во многих странах мира снизились показатели поиска и ознакомления с новостями. По мнению специалистов сфер, основной задачей СМИ на данный момент является повторное вовлечение тех, кто не интересуется новостями, установление более глубоких отношений с постоянными читателями, поиск новых способов общения с молодой аудиторией, внедрение новых интерактивных форматов, пересмотр правил поведения журналистов в социальных сетях. В статье говорится об основных тенденциях современной журналистики.


background image

ACADEMIC RESEARCH IN MODERN SCIENCE

International scientific-online conference

79

ЖУРНАЛИСТИКАДА ЖАҢА МЕДИА ТРЕНДТЕР

Нұрлан Усманов

Өзбекстан журналистика және бұқаралық

коммуникациялар университеті

аға оқытушысы

https://doi.org/10.5281/zenodo.12618733

Аннотация:
В последние годы во многих странах мира снизились показатели

поиска и ознакомления с новостями. По мнению специалистов сфер,
основной задачей СМИ на данный момент является повторное
вовлечение тех, кто не интересуется новостями, установление более
глубоких отношений с постоянными читателями, поиск новых способов
общения с молодой аудиторией, внедрение новых интерактивных
форматов, пересмотр правил поведения журналистов в социальных сетях.
В статье говорится об основных тенденциях современной журналистики.

Ключевые слова: новые медиа, новый тренд, медиакоммуникация,

социальные медиа, цифровые медиа, новые тренды в СМИ.

Reuters-тің Журналистиканы зерттеу институты жаңалықтар

индустриясының жетекшілерімен сұхбатқа негізделген болжамын
жариялады. Баяндамада биыл баспагерлер назар аударуы тиіс
журналистика, медиа және технологияның соңғы тенденциялары туралы
ақпарат

берілген.

Біз

зерттеудің

негізгі тенденциялары мен

қорытындылары туралы айтамыз.

Соңғы бір жылда әлемнің көптеген елдерінде жаңалықтарды іздеу,

олармен танысу көрсеткіштері төмендеді.

Сондықтан БАҚ-тың қазіргі таңдағы

басты мақсаты

жаңалыққа қызықпай қойғандарды қайта тарту,

тұрақты оқырмандармен тереңірек қарым-қатынас орнату

жас аудиториямен жаңа қатынас жолдарын іздеу,

жаңа интерактивті форматтарды енгізу

журналистердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелерін

қайта қарап шығу.

Жазылымдар және ақылы мүшеліктер

2021 жылы көптеген елдерде жаңалықтарды тұтыну азайғанымен,

Reuters сауалнамасына қатысқан басылымдардың жартысынан көбі кіріс
өсімін көрсеткен. Негізінен бұл

жазылым

және

ақылы мүшелік

тен

түскен қаржы. Бұл тенденция тек

8,4 миллион

жазылымы бар

The New


background image

ACADEMIC RESEARCH IN MODERN SCIENCE

International scientific-online conference

80

York Times

газетіне ғана емес, сонымен қатар шағын басылымдарға да

тән.

Осылайша, бес баспагердің төртеуі Reuters агенттігіне жаңа жылғы

жазылым

олар үшін басымдыққа ие (приоритетте) екенін айтты.

Дегенмен, көптеген БАҚтар

медиа

мен

натив (жергілікті)

жарнама

дан,

ивент

(ойын-сауық немесе жарнамалық тұрғыдан

көпшілікке арналған іс-шаралар) оқиғалар мен

демеушілік контентт

ен

бас тартуды жоспарламай, алтын орта (золотая середина) жолды іздеуде.

Жаңалықтар агенттіктерінің басшылары таза жазылым үлгісі тек

ауқатты аудиторияға арналған артықшылық деп алаңдайды. Сондықтан
кейбір басылымдар тұрмысы төмен отбасылардан шыққан адамдарға
олардың мүмкіндігіне қарай төлеуді ұсынады. Кейбіреулері қарттар
үйінде тұратын адамдарға тегін жазылуды ұйымдастырады.

Подкасттар мен видеобейнелерден көбірек пайдалану

Жазылым және мүшелік өнімдерін игеру үшін баспагерлер

оқырмандарды, көрермендерді және тыңдаушыларды көбірек тартуы
керек.

Оқырман санын арттыру үшін БАҚтар жас аудиторияны қамтуды

жоспарлауы тиіс. Ол үшін олар хабарлар жіберуге (рассылка жасау),
подкасттарға және видео-бейнелерге инвестиция салуда. Пандемия
кезінде мұндай контент өте танымал болды.

Ірі басылымдар өздерінің қосымшаларын әзірлеу арқылы аудио

кеңістігінде орын иелеуге тырысуда. Ал кішіректері күнделікті аудио
және видео платформаларда тәуелсіз авторлармен бәсекеге түсуде.
Reuters сауалнамасына қатысқан баспагерлердің жартысына жуығы

Instagram

,

TikTok

және

YouTube

-те жарнамалауға назар аударуда. Ал

Twitter

мен

Facebook

-те аз күш жұмсауда.

Ақылы платформаларда таланттарды табу

Өткен жылдары журналистер жаппай жаңалықтар бөлімін тастап,

Substack

(Сабстэк) және басқа

ақылы платформалар

да өз бизнесін

бастады. Нәтижесінде көптеген басылымдар құнды кадрларынан
айырылды.

Бірақ тәуелсіз авторлардың барлығы бірдей монетизацияға

(цифрлық контентте табыс табуға) қол жеткізе алмады. Сондықтан
олардың біразы биыл редакцияға қайта оралды. Бірақ, ең алдымен,
баспагерлер ымыраға келіп, мұндай журналистерге өздерінің


background image

ACADEMIC RESEARCH IN MODERN SCIENCE

International scientific-online conference

81

подкасттары мен ақпараттық бюллетеньдерін шығаруды жалғастыруға
мүмкіндік беруі керек болады.

Негативтілік пен қарама-қайшылық азайту

Журналистер де, оқырмандар да таусылмайтын жағымсыз

жаңалықтар мен келеңсіз хабарлардан жалыққан. Сондықтан биылғы
жылы конструктивті хабарлау форматтарына көбірек көңіл бөлінуде. Бұл
кадрлардың ротациясына әкелуі мүмкін. Редакцияға ескі мәселелерге
жаңа көзқараспен қарайтын, жаңалықтарды дайындау жайлы дәстүрлі
идеяларды қайта көріп шығуға дайын адамдар керек.

Журналистерге арналған әлеуметтік желілердегі мінез-құлық

ережелері

Көптеген БАҚ журналистердің әлеуметтік желілердегі

мінез-құлық

ережелерін қатаңдатуды

талап етіп отыр. Сараптауға қатысқан

көптеген редакторлар мен менеджерлер журналистер Twitter және
Facebook-те жаңалықтарды жариялаудың редакциялық саясатын
ұстануы керек деп санайды. Жеке көзқарастарды білдіру мүмкін емес –
бұл аудиторияның

сеніміне нұқсан келтіруі

мүмкін.

Климаттық контент

Климаттық контентті жарнама берушілер жоғары бағалайды және

олар бұл арқылы жақсы ақша табады. Дегенмен, бұл тақырыпты
жаңалықтарда қамту қиынға соғуының бірнеше себебі бар. Мысалы,
жаңалықтарды таратуда өзгерістердің әлсіз қарқыны, мұңды көзқарас,
тәжірибелі журналистердің жетіспеуі мен шалғай жерлерге баруға
қаржының жоқтығы, сонымен қатар тақырыптың өзінің күрделілігі.
Сондықтан жаңа жылдағы БАҚтарда басым бағыт ғылыми білімі бар
журналистерді тарту болып жатыр. Немесе климаттық ұйымдармен
коллаборация (ынтымақтастық) жасау қажет болуда.

Технологиялық платформаларға қысым жасау

Коронавирус туралы жалған ақпарат тарату, АҚШтағы Капитолийге

шабуыл жасау сияқты оқиғалардағы әлеуметтік медианың рөліне
байланысты

технологиялық платформалардағы реттеу

үдерісі

күшеюде. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ цифрлық нарықтар
заңдылығын (DMA) алға тартуда. Ал Ұлыбритания заңсыз және зиянды
контентті таратқаны үшін платформаларға санкцияларды көздеген
Интернет қауіпсіздігі туралы заңды насихаттауда.

Сонымен қатар, бүкіл әлемдегі жаңалықтар сайттары деректерді

қорғаудың жалпы ережесінің (GDPR) әсерін сезіне бастады. Сookie


background image

ACADEMIC RESEARCH IN MODERN SCIENCE

International scientific-online conference

82

файлдары (сайттан браузерге жіберілген шағын мәтін бөліктері)
біртіндеп жойылуда. Нәтижесінде пайдаланушыларды қадағалау
қиындай түсуде, ал баспагерлер монетизацияның жаңа жолдарын іздейді.
Олардың көпшілігі өз деректерін жинай бастайды және жарнама
берушілермен тікелей мәмілеге оралуда.

Жасанды интеллект және мета-ғалам

Facebook Meta-ға айналғандықтан, пайдаланушыларды виртуалды

және толықтырылған шындық арқылы байланыстыратын онлайн орта
Metaverse-мета-ғаламға көбірек көңіл бөлінуде. Жаңа жылда біз мета-
ғаламдағы қатысушылардың аватарларымен көбірек сұхбаттарды
көруіміз мүмкін. Дегенмен, бұл концепцияның БАҚ үшін кең тарауы
екіталай.

Бірақ жасанды интеллект және машиналық оқыту жаңалықтар

ішінде тез танымал болуда. Сауалнамаға қатысқан баспагерлердің
көпшілігі биылғы жылы аудитория үшін персоналды жеке контентті
жасау өте маңызды деп санайды. Сондықтан олар жасанды интеллектті
жекелендіру және жазылым үлгілерімен тәжірибе жасау үшін қолдануды
жоспарлап отыр.

Гибридті жұмыс режимі — бұл жаңа қалыпты жағдай

Сала пандемиядан айығып жатқанда, бір қатар редакция өз
қызметкерлерін жұмысқа қайтаруға асығуда. Кеңсе мен қашықтан
жұмыстың үйлесімі – мұны соңғы жылдарда басылымдардың көпшілігі
ұстануда. Дегенмен, гибридті жаңалықтар бөлімі тиімді жұмыс істеуі
үшін басшылар командалық рухты сақтаудың жаңа жолдарын табуы
керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

Носик А . СМИ русского Интернета: теория и практика // Интернет

для журналиста / Под ред. А. Носика, С. Кузнецова. М., 2001.
2.

Мамонова Е. Днем в Интернете – вечером в газете / Е. Мамонова //

Российская газета. – 2013.
3.

www: reutersinstitute, journalism.co.uk.

Библиографические ссылки

Носик А . СМИ русского Интернета: теория и практика // Интернет для журналиста / Под ред. А. Носика, С. Кузнецова. М., 2001.

Мамонова Е. Днем в Интернете – вечером в газете / Е. Мамонова // Российская газета. – 2013.

www: reutersinstitute, journalism.co.uk.