Влияние минеральных удобрений на растения ботанического сада Хкту

CC BY f
264-266
21
10
Поделиться
Убайдуллаева, А. (2022). Влияние минеральных удобрений на растения ботанического сада Хкту. Ренессанс в парадигме новаций образования и технологий в XXI веке, (1), 264–266. https://doi.org/10.47689/innovations-in-edu-vol-iss1-pp264-266
Crossref
Сrossref
Scopus
Scopus

Аннотация

В статье презентируются необходимые питательные вещества, которые получают растения из почв, особенно такие важные элементы, как азот, фосфор и калий. Отмечается, что обеспечение минеральными элементами растений и в целях сохранения плодородия почв широко применяются искусственные минеральные и органические удобрения. Вместе с тем, в случае недостатка в растениях питательных веществ в результате нарушения в них биологических и физиологических процессов доказано об ухудшении продуктивности на примерах.


background image

263

SEKCIYA 4.

ANÍQ HÁM TÁBIYIY

PÁNLER

СЕКЦИЯ 4.

ТОЧНЫЕ И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ

ӘОЖ 580. 744 43 (5845)

ХҚТУ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДАҒЫ ӚСІМДІКТЕРГЕ МИНЕРАЛДЫ

ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

Убайдуллаева А.К.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан, Қазақстан

Тҥйіндеме:

Мақалада ӛсімдіктер ӛздеріне қажетті қоректік заттарды топырақтан алатындығы

және олар қоректенуі ҥшін аса қажетті элементтер - азот, фосфор және калий маңызды екендігіне
тоқталған. Ӛсімдіктерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығын
қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен
қолданылатындығын атап кӛрсеткен. Сонымен қатар, ӛсімдіктерде қоректік заттар жетіспеген
жағдайда, оларда ӛтетін биологиялық және физиологиялық процестер бұзылуы нәтижесінде
дақылдардың ӛнімі нашарлайтындығын мысалдар мен дәлелдеген.

Кілт сӛздер:

топырақ-климат жағдайы, агротехникалық система, минералдық тыңайтқыштар,

органикалық тыңайтқыштар, азотты және фосфорлы тыңайтқыштар, жеміс және жидек
ӛсімдіктері.

Резюме:

В статье презентируются необходимые питательные вещества, которые получают

растения из почв, особенно такие важные элементы, как азот, фосфор и калий. Отмечается, что
обеспечение минеральными элементами растений и в целях сохранения плодородия почв широко
применяются искусственные минеральные и органические удобрения. Вместе с тем, в случае
недостатка в растениях питательных веществ в результате нарушения в них биологических и
физиологических процессов доказано об ухудшении продуктивности на примерах.

Ключевые слова

:

почвенно-климатические условия, агротехническая система, минеральные

удобрения, органические удобрения, азотно-фосфорные удобрения, плодо-фруктовые растения.

Summary:

In the article presents the essential nutrients that plants get from the soil, especially important

elements such as nitrogen, phosphorus and potassium. It is noted that provision of mineral elements of
plants and to maintain soil fertility are widely used with artificial mineral and organic fertilizers.
However, in the case of a shortage of plant nutrients as a result of violation in their biological and
physiological processes brought about the deterioration of productivity with examples.

Key words:

soil climatic conditions, agro-technical system, mineral fertilizers, organic fertilizers,

nitrogen-phosphorus fertilizers, fruit plants

.

Республикамызда егілетін дақылдардың ӛнімі және оның сапасы, олардың тіршілігіне

қолайлы топырақ-климат жағдайы мен қатар, оларға қолданылатын агротехникалық іс-
шаралардың дұрыстығына байланысты. Ӛсімдіктердің қоректенуі мен топырақ құнарлылығын
жақсарту мақсатында органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Топырақтағы
ӛсімдікке қажетті қоректік заттардың қоры жыл сайын егілетін дақылдың ӛсіп-жетілуіне, оның
ӛніміне жұмсалудың арқасында белгілі мӛлшерде кеміп отырады. Сондықтан, егістік жерден
тұрақты және жоғары ӛнім алу ҥшін тыңайтқыш қолдану маңызды агротехникалық шара болып
саналады.

Қазіргі уақытта егіншіліктің агротехникалық системасының аса жауапты бӛлігі -

дақылдарды дұрыс тыңайту болып табылады. Минералды тыңайтқыштар егіншілікте кӛп
таралған, біздің елімізде олардың 30-дай тҥрлері ӛндіріледі [2].

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық,

минералды, жасанды (азотты, фосфорлы, калийлі, микроэлементті) және жергілікті (кӛң,
шымтезек, кҥл), жай, кҥрделі құрамды, микротыңайтқыштар, жасыл тыңайтқыштар және
бактериялы тыңайтқыштар болып бӛлінеді. Елімізде минералды тыңайтқыштарды пайдалану
соңғы жылдары зор қарқынмен қолға алына бастады. Минералды тыңайтқыш – химиялық
құрамында ӛсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар заттектер болып, оларды топырақты
тыңайту ҥшін пайдаланады. Топырақты тыңайту ҥшін қолданылып жҥрген азот, фосфор, калий
тыңайтқыштарын маңызды, ең негізгі макроэлементтер тыңайтқыштары деп атайды.
Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану ҥшін, ең алдымен ӛсімдіктің биологиялық
ерекшеліктерін, соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден ӛсімдіктен
алынатын ӛнім мӛлшерін, оның ішіндегі элементтердің мӛлшерін алдын-ала болжау арқылы


background image

264

әртҥрлі топырақ құрамындағы элементтер мӛлшері олардың қосындылар құрамындағы кҥйлерін,
яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек [7].

Ӛсімдіктен алынатын тҥсімнің мӛлшерін және сапасын жақсарту мақсатында тамырдан

тыс ҥстеме қоректендіру әдісі де жиі қолданылады. Егер тыңайтқыштар ӛсімдік қажеттілігіне кӛп
мӛлшерде қолданылса, тҥсімділігі кӛбеймей, ӛнім сапасы нашарлайды. Баудың жерін тыңайту –
жеміс ағаштарының жақсы ӛсуіне, ағаш тұлғасының тез жетілуіне және жеміс беретін бұталардың
ӛсуіне, сонымен қатар жеміс беру кезеңінің тездетілуіне кӛмектеседі. Ӛсімдіктердің ерекшелігіне,
оның сорттарына, топырақ тҥрлеріне және дақылдардың ӛскен ортасына байланысты
ӛсімдіктердің құрамындағы азот, фосфор және калий біршама ӛзгеріп отырады [1].

Ӛсімдіктерге аса қажетті элементтер - кӛміртегі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, калий,

кальций, кҥкірт, магний, темір, бор, марганец, мыс, мырыш, молибден және кобальт болып
табылады. Ӛсімдіктерде қоректік заттар жетіспесе, оларда ӛтетін биологиялық және
физиологиялық процестер бұзылады, соның нәтижесінде дақылдардың ӛнімі нашарлайды [7].

Жеміс және жидек ӛсімдіктері топырақтан ӛте кӛп коректік заттарды пайдаланады.

В.М.Тарасовтың мәліметтері бойынша жеміс және жидек ӛсімдіктерінің, мысалы алма жемісінде 1
грамм ӛнімге жұмсайтын негізгі қоректік заттар мӛлшері N-108,7; Р

2

О

5

-29,1; ал алмұртта N-153,0;

Р

2

О

5

-36,9. Бір центнер ӛнімге қоректік заттарды ең аз шығындайтын - алма мен алмұрт. Бақтарда

ең жақсы нәтижеге тыңайтқыштарды 3-4 жылда бір рет тамырлардың ұштарына жақын, 30-35 см
тереңдікке, аралық жылдары дің маңайындағы жолақтарға енгізген де жетеді. Органикалық
тыңайтқыштарды тамыр жұйесінің ұштарына жақын енгізу керек. Бұл топырақтың терең
мәдениленуіне ықпал жасайды, сондықтан Қазақстанның оңтҥстігінің құрғақ даласында ҥлкен
мәнге ие [4].

Жоғары ӛнім алу ҥшін жеміс ӛсімдіктерін топырақ-климат жағдайының барлық кешенімен

оңтайлы қатынаста қамтамасыз ету керек. Жеміс беретін бауда тұрақты мол ӛнім алу ҥшін және
ӛнімнің дҥркін-дҥркін болмай қалуын жою ҥшін тыңайтқыш міндетті тҥрде қолданылады [3].

Ӛсімдіктер дамуының алғашқы сатыларында негізгі тұқым құрамындағы қоректік заттар

қорын пайдаланып, органикалық заттарды айтарлықтай мӛлшерде тҥзе алмайды. Тұқым толық
ӛніп, жас ӛскіндер қалыптасқаннан кейінгі сатыларында ӛсімдіктің минералдық элементтерді
пайдалануы біртіндеп ҥдей тҥседі де, бҥкіл жер ҥстілік мҥшелері мен тамыр жҥйесі толық
калыптасып, ӛсу процестері ӛте каркынды жҥретік және кӛбею органдары қалыптаскан кезеңдерде
ӛсімдіктін, корекгік заттарды пайдалануы ең жоғарғы деңгейге жетеді. Органикалық заттардың
жинақталуы тоқтағансын ӛсімдіктердің қоректік заттарды пайдалануы кҥрт тӛмендейді, кейде,
керісінше, олардың біразы топырака бекініп шығады.

Аммонийлі-нитратты тыңайтқыштарда негізгі азоттың мӛлшері - 34%, топырақты аздап

қышқылдандырады. Несеп нәрінің (мочевина) құрамында азоттың мӛлшері - 46%, топырақты
аздап сілтілендіретін тыңайтқыш. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын тұздар негізінен
физиологиялық қышқыл болатындықтан топырақта хлор және кҥкірт қышқылы жиналады.
Фосфорлы тыңайтқыштың ӛсімдіктер азотпен жақсы қамтамасыз етілгенде арта тҥседі. Фосфорлы
тыңайтқыштар ҥш тҥрде шығарылады. Суда еритін жай суперфосфат – Са(Р

2

О

4

)

2

және екі

еселенген суперфосфат - Са(Р

2

О

4

)

2

·Н

2

О

2

, құрамында аздаған бос фосфор қышқылы бар

тыңайтқыш. Суперфосфаттар құрамындағы фосфор нашар жылжитындықтан тҥскен жерде
шоғырланып қалады. Суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда еритін фосфорлы тыңайтқыштарға
преципитат, томосшлак, т.б. жатады. Олардың құрамындағы фосфор ӛсімдікке оңай сіңетін кҥйде
болады. Суда ерімейтін, әлсіз қышқылдарда нашар еритін фосфорлы тыңайтқыштарға – фосфорит
және сҥйек ұнтағы да жатады. Бір гектар жерге егілген дақыл бір вегетациялық кезеңде 60 кг Р

2

О

5

игереді. Оның кӛп мӛлшері топыраққа қайтпайды. Сондықтан топырақка белгілі мӛлшерде
фосфорлы тыңайтқыштар енгізіліп отыруы қажет. Ӛсімдіктердің кӛпшілігі калийді басқа
элементтерге қарағанда хлорлы калий (КСl) құрамынан оңай сіңіреді. Хлорға сезімтал ӛсімдіктер
ҥшін қолайлы тыңайтқыш - калий сульфаты. Калий магнезия құрамында калийі мен магнийі аз
құм және құмдас топырақтар ҥшін тиімді болып есептеледі. Калийлі тыңайтқыштардың
физиологиялық қышкылдығы оларды кӛп жыл қатарынан қолданғанда ғана байқалады. Ӛсімдіктер
азот пен фосфор жеткілікті болған жағдайда калийдің әсерінен ӛнімді кӛп береді.

Табиғи жағдайларда топырақта азот, фосфор, калий жеткілікті мӛлшерде болғанымен,

ӛсімдіктер микроэлементтердің тапшылығынан зардап шегеді. Сондықтан құрамында әртҥрлі
микроэлементтер бар микротыңайтқыштарды қолдану негізгі тыңайтқыштардың тиімділігін
арттырады. Осы мақсатта құрамына микроэлементті тұздар енгізілген кҥрделі тыңайтқыштар және
таза микротыңайтқыштар соңғы кездерде кӛбірек қолданылатын болды. Топырақтың биологиялық
қасиеттерін қалыпты сақтау мақсатында бактериялық тыңайтқыштар, атап айтқанда,
фосфобактерин, азотобактерин, нитрагин, силикатты бактериялар препараты қолданылады [2].


background image

265

Жеміс ӛсімдіктерінің бірқалыпты ӛсуі және жемістенуі ҥшін олардың кҥшті ӛсінді

кезеңінде және артық жатындары шашылғаннан кейін жемісті бҥршіктерін салуы ҥшін қорекпен
қамтамасыз ету керек. Қарқынды сұрыптың жас ағаштары алдымен, азот тыңайтқыштарына
ықыласты келеді [3].

Жеміс және жидек ӛсімдіктерінін органикалық және минералды тыңайтқыштарға қатысы

топырақтың мәдениленгеніне, дақылдың және сұрыптың қасиеттеріне байланысты болады.
Топырақ неғұрлым мәдениленбеген болса, соғұрлым онда органикалық заттар аз, минералды
тыңайтқыштардан алынатын қосымша ӛнім тӛмен болады, органикалық тыңайтқыштың тиімділігі
жоғары келеді. Тамыр жҥйесінің тірішілік әрекетін қатараралыққа кӛп жылдық шӛп себу, топырақ
бетін жабындау жақсартады [5].

Жоғары ӛнім алу ҥшін жеміс ӛсімдіктерін топырақ-климат жағдайының барлық кешенімен

оңтайлы қатынаста қамтамасыз ету керек. Ең алдымен, тіршілікке қажет барлық факторлардың
тиімділігін арттыратын, миниумумдағы факторды кҥшейту керек.

Енгізілу мерзімдеріне байланысты тыңайтқыштар негізгі (егілгенге дейін), егу кезеңіндегі

және егуден кейінгі

(ҥстеп қоректендіру) деп бӛлінеді. Егуге дейінгі қолданатын әдіс ӛсімдіктің

вегетациялық кезеңіндегі дамуын қоректік заттармен қамтамасыз етіп топырақтың құнарлылығын
жақсарту, оның биологиялық ырықтығын, физикалық химиялық қасиеттерін арттыру ҥшін
қолданылады. Егу алдындағы тыңайтқыш кҥзде, немесе ерте кӛктемде топыраққа егістеліп
шашылады. Осылайша жер жыртылар алдында органикалық тыңайтқыштармен, ізбес, азотты,
фосфорлы және калийлі тыңайтқыштармен ӛңделеді. Егу кезіндегі тыңайтқыш

тұқыммен бірге

себіледі немесе кӛшетпен отырғызатын ӛсімдіктер қатарынан сәл қашықтау жолақтанып себіліп,
топырақпен жабылады. Бұндай пайдаланылған тыңайтқыштар жас ӛсімдіктердің қоректенуін
жақсартады. Сондықтан егу кезінде бір гектарға 5-30 кг шамасында аммофос немесе суперфосфат
себіледі. Егуден кейінгі

(ҥстеп қоректендіру) тыңайтқыш

ӛсімдіктердің дамуының жауапты,

маңызды кезеңдерінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету мақсатында қолданылады [2].

Қазіргі кездегі кӛп таралған кҥрделі тыңайтқыштар қатарына аммофос, диаммофос,

нитроаммофос, калий селитрасы, тҥрлі метафосфаттар жатады. Ӛсімдіктер азоттың нитратты және
аммиакты тҥрлерін қоректік зат ретінде пайдаланады. Фосфор ӛсімдіктердің пісіп жетілуін
тездетеді, ӛсімдік тамыры жақсы бұтақтанып, тереңдеп, жайылып ӛседі, ӛнім артады және оның
сапасы жақсарады. Ол кҥрделі ақуыз молекулаларының тҥзілуіне және жасуша ядросының
құрамын құруға қатысады. Калий – ӛсімдік жапырақтарында қанттың тҥзілуін кӛбейтеді және
оның басқа мҥшелеріне ӛтуін тездетеді. Калий ӛсімдіктерде ӛтетін ақуыз тҥзілу процесіне
ықпалын тигізеді, ал калий жетіспесе «зиянды» азот қосылыстары жиналып, оларды уландырады.
Ӛсімдіктерге калий жетіспесе, жапырақтарының жиегі кҥлгін-қоңырлау болып кетеді. Жасанды
калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Нәтижесінде, оның 25-80%-ы топырақтың сіңіргіш
жиынтығымен байланысуы мҥмкін. Клеткадағы калийдің 80%-ы вакуольде болады. Ӛсімдіктегі
калийдің ӛте жоғары зат алмасушылық деңгейі негізінен меристема, камбий, жас жапырақтарда,
ӛркендерде, бҥршіктерде шоғырланатындығы белгілі болды [6].

Қорыта келе, ӛсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруі, олардың биологиялық

ерекшеліктеріне, топырақ қасиеттеріне, құнарлылығына, механикалық құрамына, температураға,
ылғалдылыққа, газ алмасуға (аэрация), топырақ ерітіндісінің қоюлылығы мен реакциясына,
жарыққа және т.б. кӛптеген жағдайларға байланысты. Минералды тыңайтқыштарды ҥнемдеп
пайдалану топырақтың құнарлылығын және ауылшаруашылық ӛсімдіктерінің ӛнімділігі мен
сапасын арттырады.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.

Рогачев М.А. //Сроки внесения аммиачной селитры и эффективность некорневых

подкормок интенсивном саду яблони. Мичуринск, 2008г.
2.

Щепетков Н.Г., Ысқақов М.А. Жеміс кӛкӛніс шаруашылығы. Алматы. 2015ж.

3.

Смаилова Г.Т. Агробиологические и хозяйственные исследования дикой яблони в

Заилийском Алатау. Алматы. 2014г.
4.

Адрианова Г. П. , Куленова К.З., Раузина М.И. и др. Удобрение плодово-ягодных культур и

винограда в Казахстане . Справочник по применению минеральных удобрений. Алма-Ата. 2009.
сс.230-243.
5.

Агрохимические методы исследования почв. Москва. 2005. -565с.

6.

Даменова Н.С. Шалғынды-батпақты топырақты минералды және органикалық

тыңайтқыштармен ӛңдегенде оның биологиялық белсенділігі және қарашіріктің мӛлшері .-
Алматы. 2006. -145б.
7.

Құспанов М. Топырақ, ӛсімдік, тыңайтқыш. Алматы. 2000ж.

Библиографические ссылки

Рогачев М.А. //Сроки внесения аммиачной селитры и эффективность некорневых подкормок интенсивном саду яблони. Мичуринск, 2008г.

Щепетков Н.Г., Ыскаков М.Л. Жемю кокон ic шаруашылыгы. Алматы. 2015ж.

Смаилова Г.Т. Агробиологические и хозяйственные исследования дикой яблони в Заилийском Алатау. Алматы. 2014г.

Адрианова Г. П., Куленова К.З., Раузина М.И. и др. Удобрение плодово-ягодных культур и винограда в Казахстане . Справочник по применению минеральных удобрений. Алма-Ата. 2009. сс.230-243.

Агрохимические методы исследования почв. Москва. 2005. -565с.

Даменова Н.С. Шалгынды-батпакты топыракты минералды жоне органикалык тынайткыштармен ецдегенде оныц биологиялык белсендипп жэне каранпржтщ мелшер! .-Алматы. 2006. -1456.

Куспанов М. Топырак, оамдш, тынайткыш. Алматы. 2000ж.

inLibrary — это научная электронная библиотека inConference - научно-практические конференции inScience - Журнал Общество и инновации UACD - Антикоррупционный дайджест Узбекистана UZDA - Ассоциации стоматологов Узбекистана АСТ - Архитектура, строительство, транспорт Open Journal System - Престиж вашего журнала в международных базах данных inDesigner - Разработка сайта - создание сайтов под ключ в веб студии Iqtisodiy taraqqiyot va tahlil - ilmiy elektron jurnali yuridik va jismoniy shaxslarning in-Academy - Innovative Academy RSC MENC LEGIS - Адвокатское бюро SPORT-SCIENCE - Актуальные проблемы спортивной науки GLOTEC - Внедрение цифровых технологий в организации MuviPoisk - Смотрите фильмы онлайн, большая коллекция, новинки кинопроката Megatorg - Доска объявлений Megatorg.net: сайт бесплатных частных объявлений Skinormil - Космецевтика активного действия Pils - Мультибрендовый онлайн шоп METAMED - Фармацевтическая компания с полным спектром услуг Dexaflu - от симптомов гриппа и простуды SMARTY - Увеличение продаж вашей компании ELECARS - Электромобили в Ташкенте, Узбекистане CHINA MOTORS - Купи автомобиль своей мечты! PROKAT24 - Прокат и аренда строительных инструментов