“YANGI O‘ZBEKISTONDA ZAMONAVIY PSIXOLOGIYA VA PEDAGOGIKAGA DOIR
MUAMMOLARNI TADQIQ ETISHNING TRANSFORMATSION IMKONIYATLARI”
Xalqaro ilmiy - amaliy konferensiyasi, 2025-yil 24-aprel
269
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ
ЖАҢАША ОЙЛАУДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Фатима Ниязбековна Жумабекова
п.ғ.к., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,
Оролбек Ерханат
3 курс доктаранты Республика Казақстан, Астана. email: Zhumabekova.58@mail.ru
https://doi.org/10.5281/zenodo.15277875
Қазіргі заманның қарқынды өзгерістері, технологиялық прогресс және жаһандық
бәсекелестік болашақ мамандарға жаңа талаптар қояды. Тек қана білім мен дағдыларды
меңгеру жеткіліксіз; оларды креативті түрде қолдану, жаңа шешімдер табу және күрделі
мәселелерге икемді жауап беру қабілеті басты орын алады. Жаңаша ойлау – бұл
стандартты көзқарастардан тыс шығып, шығармашылық пен инновация арқылы жаңа
мүмкіндіктерді ашу қабілеті. Бұл қабілет қазіргі экономикалық және әлеуметтік
үрдістерде маңызды рөл атқарады, себебі ол кәсіби жетістіктерге жетуге, ұйымдар мен
қоғамды дамытуға, тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Жаңаша
ойлау қабілеті мамандардың кәсіби ғана емес, сонымен қатар жеке өмірінде де табысты
болуына негіз болады. Сондықтан болашақ мамандардың бұл қасиетін дамыту бүгінгі
білім беру жүйесі мен кәсіби дайындықтың басты басымдықтарының бірі болуы тиіс. Осы
орайда төмендегі нормативтік құжаттарға негіздей отырып оның маңызын ашатын
боламыз.
Жоғары оқу орындарында академиялық еркіндік пен шығармашылық зерттеулерді
ынталандыруды көздейді. Жаңаша ойлау мен ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамытуға
қойылатын талаптарды белгілейтін тағы бір маңызды құжат – ЮНЕСКО-ның "Білім беру
2030" тұжырымдамасы. Бұл құжат білім беру жүйесінде инновациялық әдістерді енгізу
және оны заманауи талаптарға сай қайта жаңғырту арқылы болашақ мамандардың кәсіби
дамуын қамтамасыз етуге бағытталған
[1].
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласын цифрландыру
арқылы болашақ мамандардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге басымдық береді.
Бағдарлама заманауи технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін жаңа
деңгейге көтеруге және оқыту сапасын арттыруға стратегиялық бағыт ұсынады. Сонымен
қатар, инновациялық тәсілдерді енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтеді
[2].
Педагогтардың кәсіби стандарттары мұғалімдер мен оқытушыларға жаңаша ойлау
мен шығармашылық әдістерді қолдануға қатысты талаптарды анықтайды. Бұл стандарттар
педагогтардың біліктілігін жетілдіру мен заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған.
Білім беру мазмұнын жаңғырту шеңберінде оқу жоспарларын жаңарту мәселелері
қарастырылады. Жоғары оқу орындары мен колледждердің академиялық саясаты жаңаша
ойлауды дамытуға арналған элективті курстарды енгізу мен студенттердің ғылыми-
зерттеу қызметін ұйымдастыру тәртібін реттейді
[3].
Болашақ мамандардың жаңаша ойлау қабілеттерін дамытуға арналған зерттеулер
білім беру жүйесінің негізгі қағидаттарын, соның ішінде инновациялық әдістер мен
тәсілдерді енгізу туралы талаптарды негіздейді. Бұл құжаттар зерттеу әдістерін таңдауда
және білім беру мазмұнын жобалауда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік
“YANGI O‘ZBEKISTONDA ZAMONAVIY PSIXOLOGIYA VA PEDAGOGIKAGA DOIR
MUAMMOLARNI TADQIQ ETISHNING TRANSFORMATSION IMKONIYATLARI”
Xalqaro ilmiy - amaliy konferensiyasi, 2025-yil 24-aprel
270
бағдарламаларды жүзеге асыру барысында кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда
орындауға қабілетті, қоғамдық және кәсіби қызметінің маңыздылығын түсінетін,
нәтижелері үшін жауап бере алатын құзыретті мамандарды даярлау міндеті айқындалған.
Бағдарлама елдің білім беру жүйесін жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялау
арқылы болашақ мамандарды даярлаудың сапасын арттыруды көздейді. Жаңа
экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделуге қажеттілік білім беру
сапасын жақсарту және стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған түбегейлі
өзгерістердің өзектілігін көрсетеді. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін реформалау міндеттері кеңінен айқындалған.
Болашақ мамандардың жаңаша ойлау қабілеттерін дамыту олардың кәсіби табысты
және заманауи талаптарға бейімделуін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып
табылады. Оның құндылығы бірнеше аспектіде көрініс табады:
1.
Шығармашылық шешімдер табу: Жаңаша ойлау жаңа идеяларды ойлап
табуға және стандартты емес шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе бәсекеге
қабілеттілік жоғары салаларда маңызды.
2.
Инновацияларды енгізу: Қазіргі әлемде технологиялар мен нарықтар тез
өзгеруде. Жаңаша ойлай білетін мамандар инновацияларды тез меңгеріп, оларды тиімді
енгізе алады.
3.
Проблемаларды шешу қабілеті: Стандартты емес ойлау күрделі мәселелерге
жүйелі әрі креативті тәсілдерді қолдануға көмектеседі, бұл ұйымдардың дамуында ерекше
рөл атқарады.
4.
Бейімделу қабілеті: Жаңаша ойлайтын мамандар өзгермелі жағдайларға тез
бейімделіп, өз кәсіби саласында тұрақты даму көрсетеді.
5.
Командалық жұмысқа ықпал ету: Ойлау қабілеті жоғары мамандар
әріптестерінің көзқарастарын бағалап, бірге нәтижелі жұмыс істей алады.
6.
Кәсіби және жеке өсу: Жаңаша ойлау өзіне деген сенімділікті арттырып,
болашақта жоғары нәтижелерге жетуге жол ашады.
Жаңаша ойлау қабілеті қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін заманауи
трендтерге сай болуға және болашаққа бағытталған мамандар даярлауға негіз болады
.
Жаңаша ойлау қабілетінің құндылықтарын іске асыру үшін төмендегі бағыттарда
жұмыс жүргізу қажет:
Білім беру жүйесін жетілдіру:
Креативті және сыни ойлауды дамытуға
бағытталған білім беру әдістерін енгізу.
Тәжірибелік тапсырмалар мен жобалық оқыту
әдісін қолдану арқылы студенттердің проблемаларды шешу қабілетін арттыру.
Интерактивті сабақтар мен кәсіби тренингтер ұйымдастыру.
Инновациялық орта құру:
Университеттер мен ұйымдарда зертханалар, коворкинг
орталықтары мен стартап алаңдарын дамыту. Технологияларды қолдану арқылы
студенттер мен мамандардың инновациямен жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Жеке даму және үздіксіз оқу:
Мамандық бойынша жаңа трендтер мен құралдарды
игеру үшін өмір бойы білім алуды қолдау.
Қатысушыларды жаңа курстар мен
семинарларға жіберу немесе онлайн платформалар арқылы өзін-өзі дамыту.
“YANGI O‘ZBEKISTONDA ZAMONAVIY PSIXOLOGIYA VA PEDAGOGIKAGA DOIR
MUAMMOLARNI TADQIQ ETISHNING TRANSFORMATSION IMKONIYATLARI”
Xalqaro ilmiy - amaliy konferensiyasi, 2025-yil 24-aprel
271
Шығармашылыққа ынталандыру
: Кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында
шығармашылықты қолдайтын корпоративтік мәдениет қалыптастыру. Әртүрлі саладағы
проблемаларды шешуге арналған креативті марафондар ұйымдастыру.
Командалық жұмысқа негізделген тәсілдер:
Бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын
дамытуға арналған тренингтер өткізу.
Әртүрлі салалардағы мамандарды біріктіретін
мультидисциплинарлық жобаларды жүзеге асыру.
Кері байланыс пен тәжірибе алмасу:
Тәжірибелі мамандар мен студенттер
арасында тәлімгерлік бағдарламаларын құру.
Кәсіби форумдар, конференциялар және
тәжірибе алмасу шараларын өткізу.
Қателіктерден сабақ алу мәдениетін дамыту:
Қателіктерді сәтсіздік ретінде емес,
үйрену мүмкіндігі ретінде қабылдау мәдениетін қалыптастыру.
Шешімдерді сынақтан
өткізуге және эксперимент жасауға ынталандыру.
Бұл тәсілдер жаңаша ойлау қабілеттерін
дамытуды жүйелі түрде іске асыруға мүмкіндік береді және болашақ мамандардың
құзыреттілігін арттырады [4].
Болашақ мамандардың жаңаша ойлау қабілеттерін дамытудың зерттеу
материалдары мен әдебиет көздеріне сүйене отырып педагогикалық және психологиялық
еңбектердегі жаңаша ойлау, сыни және шығармашылық ойлау туралы отандық және
шетелдік зерттеулерге талдау жасалды.
Отандық
ғалымдар:
Ж.М.
Әбділдина,
Қ.А.Жақыпов,
М.М.Мұқанов,
А.К.Құдайбергенова
т.б.
қ
азақстанда шығармашылық және сыни ойлау мәселелерін
зерттеген. Бұл еңбектерде болашақ мамандардың танымдық қабілеттерін дамытудағы
инновациялық педагогикалық әдістерді қолданудың тиімділігі және инновациялық білім
беру технологияларының болашақ мамандардың кәсіби дамуына әсерін қарастырылған.
Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту мен инновациялық әдістерді енгізуге
бағытталған зерттеулер нәтижесінде жаңаша ойлауды дамытуға арналған оқыту
әдістемелері әзірлеген
[5].
Шетелдік ғалымдар: Кристофер П. Дуайер - сыни ойлаудың заманауи
тұжырымдамаларын ұсынып, оны дамытуға арналған практикалық нұсқаулықтар береді.
Еңбек сыни ойлау дағдыларын нақты өмірлік жағдайларда қолдану жолдарын сипаттайды
және оқырмандарға бұл дағдыларды жетілдіруге көмектесетін жаттығулар және болашақ
мамандардың жаңаша ойлауын дамытуға бағытталған практикалық әдістер мен
стратегияларды ұсынады
[6].
Эдвард де Боно: Шығармашылық ойлаудың психологиялық аспектілерін зерттеген.
Ол тұлғаның өзін-өзі тануы және шығармашылық қабілеттерді дамытуда мотивацияның
рөлі туралы жазды
[7].
Ричард Флорида - өзінің еңбегінде ол экономикалық дамудың
негізгі қозғаушы күші ретінде шығармашылық мамандарды сипаттайды, адамның өмір
сүру орнының маңыздылығын талдайды, әртүрлі аймақтардың психологиялық бейнелерін
сипаттап, жеке тұлғаның өмір салтына сәйкес келетін орынды таңдауға кеңес береді
[8].
Ол шығармашылық мамандықтардағы ойлау қабілеттерін дамыту мен инновацияның
маңыздылығын атап өтті. Оның еңбектері болашақ мамандарды оқытуда инновациялық
әдістердің маңыздылығын дәлелдейді
.
Автор шығармашылықтың адамзат дамуы үшін
маңыздылығын талқылайды және білім беру жүйесінде шығармашылықты дамыту
“YANGI O‘ZBEKISTONDA ZAMONAVIY PSIXOLOGIYA VA PEDAGOGIKAGA DOIR
MUAMMOLARNI TADQIQ ETISHNING TRANSFORMATSION IMKONIYATLARI”
Xalqaro ilmiy - amaliy konferensiyasi, 2025-yil 24-aprel
272
қажеттілігіне ерекше назар аударады. Ол дәстүрлі оқыту әдістерінің шектеулерін көрсетіп,
инновациялық көзқарастар мен әдістерді ұсынады
.
Бұл ғалымдардың зерттеулері болашақ мамандардың жаңаша ойлау қабілеттерін
дамытуда маңызды рөл атқарады. Отандық ғалымдар елдегі педагогикалық тәжірибеге
бейімделген әдістерді ұсынып, шетелдік зерттеушілердің шығармашылық және сыни
ойлау туралы теорияларын дамытуға үлес қосты. Бұл еңбектер қазіргі білім беру жүйесін
жетілдіруде маңызды бағыттар болып табылады
.
Зерттеу материалдарын сараптай келе болашақ мамандардың жаңаша ойлау
қабілеттерін дамыту тақырыбының өзектілігі қазіргі заманғы білім беру жүйесінің
қажеттіліктерімен және еңбек нарығындағы талаптардың өзгеруімен тығыз байланысты.
Жаңаша ойлау қабілеті заманауи мамандардың кәсіби бейімділігі мен тиімділігін
арттыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Зерттеу барысында жаңаша ойлау
қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық, сыни және жүйелі ойлауды жетілдіруге
бағытталған әдістер мен тәсілдердің тиімділігі анықталды.
Жаңаша ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған зерттеудің нәтижелері келесідей
қорытындылар жасауға мүмкіндік береді: Теориялық тұрғыдан: Жаңаша ойлау
қабілеттерін дамыту болашақ мамандардың шығармашылық және интеллектуалдық
әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Әлемдік және отандық педагогикалық тәжірибелер
жаңаша ойлауды дамыту әдістерінің ғылыми негізделгенін және олардың тиімді екенін
көрсетеді.
Практикалық
тұрғыдан:
Эксперименттік
зерттеулер
көрсеткендей,
шығармашылық тапсырмалар, жобалық жұмыстар және ойын әдістерін қолдану
студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, олардың дербес ойлау қабілетін
дамытуға ықпал етеді. Эксперименттік топтың көрсеткіштері бақылау тобымен
салыстырғанда жоғары болды, бұл зерттеуде қолданылған әдістердің тиімділігін
дәлелдейді. Әлеуметтік тұрғыдан: Жаңаша ойлау қабілеттерін дамыту болашақ
мамандардың өзара ынтымақтастық, командалық жұмыс және шешім қабылдау
дағдыларын жақсартады. Бұл дағдылар студенттерге күрделі кәсіби жағдайларда тиімді
шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қолданбалы маңызы: Зерттеу нәтижелері білім
беру бағдарламаларын жаңаша ойлауды дамытуға бағытталған инновациялық әдістермен
толықтыруға негіз бола алады. Болашақ мамандарды дайындауда қолданылған тиімді
әдістер олардың кәсіби бейімділігін арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті
болуын қамтамасыз етеді.
Қорытындылай келе, болашақ мамандардың жаңаша ойлау қабілеттерін дамыту –
заманауи білім берудің басым бағыттарының бірі. Бұл әдіс болашақ мамандарға
шығармашылық және инновациялық көзқарас қалыптастырып, жаһандық сын-қатерлерге
лайықты жауап беруге мүмкіндік береді. Жаңаша ойлау қабілеттерін дамыту болашақ
мамандардың кәсіби және жеке дамуында маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері
педагогикалық бағдарламаларға жаңаша ойлау әдістерін енгізудің тиімділігін дәлелдейді.
Ұсынылған әдістер мен тәсілдер болашақ мамандардың жұмысқа қабілеттілігі мен кәсіби
бейімділігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеу барысында жинақталған материалдар
болашақ оқыту әдістемелерін әзірлеуде қолданылуы мүмкін. Бұл нәтижелер зерттеу
“YANGI O‘ZBEKISTONDA ZAMONAVIY PSIXOLOGIYA VA PEDAGOGIKAGA DOIR
MUAMMOLARNI TADQIQ ETISHNING TRANSFORMATSION IMKONIYATLARI”
Xalqaro ilmiy - amaliy konferensiyasi, 2025-yil 24-aprel
273
тақырыбының теориялық және практикалық құндылығын көрсетіп, болашақ мамандарды
дайындау үдерісін жетілдіруге негіз болады.
Зерттеудің нәтижелері жаңаша ойлауды дамытудың тиімділігі мен маңыздылығын
дәлелдей отырып, болашақта осы бағытты тереңірек зерттеуге және білім беру жүйесіне
енгізуге негіз болады. Жаңаша ойлауды зерделей келе төмендегідей
ұсыныстар
айтуды
жөн көрдік:
•
Жаңаша ойлауды дамыту үшін білім беру бағдарламаларына арнайы курстар
мен практикалық тапсырмалар енгізу тиімді деп есептейміз.
•
Болашақ мамандарды әртүрлі жағдайларда стандартты емес шешімдер
қабылдауға үйрету қажет және шығармашылық пен инновацияны қолдайтын ортаны
қалыптастыру керек.
•
Оқытуда пәнаралық байланысты күшейту қажет (мысалы, экономика,
технология және психологияны интеграциялау).
•
Шығармашылық және сыни ойлауды дамыту үшін миға шабуыл, жобалық
әдістер, кейс-талдаулар секілді әдістерді тиімді қолдануға басымдық беру керек.
•
Жүйелі ойлауды тереңдету үшін логикалық тапсырмалар мен құрылымдық
талдауға негізделген практикалық жұмыстарды енгізу керек.
•
Барлық деңгейлерді көтеру үшін оқу процесінде заманауи технологиялар
мен әдіснамаларды кеңінен пайдалану қажет.
АНКЕТА УЧАСТНИКА КОНФЕРЕНЦИИ
Ф.И.Ш.:
Жумабекова Ф,Н., Оролбек Ерханат
Секция:
1-секция
Название материала:
Болашақ мамандардың кәсіби
мотивациясын
дамытудағы
жаңаша
ойлаудың құндылығы
Название учреждения и
адрес:
Л.Н.Гумилев
атындағы
Еуразия
ұлттық университеті.
Специальность:
Педагогика және психология
Научная степень и звание:
П.ғ.к, доцент
Номер телефона места
работы и мобильный:
8707669758 Ф.Н.Жумабекова.
e-mail:
“YANGI O‘ZBEKISTONDA ZAMONAVIY PSIXOLOGIYA VA PEDAGOGIKAGA DOIR
MUAMMOLARNI TADQIQ ETISHNING TRANSFORMATSION IMKONIYATLARI”
Xalqaro ilmiy - amaliy konferensiyasi, 2025-yil 24-aprel
274
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
ЮНЕСКО-ның "Білім беру 2030" тұжырымдамасы 2015 жылы Инчхон қаласында
(Корея Республикасы) өткен Дүниежүзілік білім беру форумында қабылданды.
2.
2.«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Үкіметінің 2022ж 17
мамырдағы №311 қаулысы.
3.
3."Педагог" кәсіптік стандарты. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. 19
желтоқсан. №31149. 2022 жыл.
4.
Қонақбаева, А., Әлімжанова, Ж."Жаңаша ойлауды дамытудағы жобалық әдістер". –
Алматы: ҚазМемБаспа, 2022.
5.
Қасымова, А.М."Инновациялық педагогика және білім берудегі заманауи әдістер".
– Алматы: Ұлттық баспа, 2018.
6.
Кристофер П. Дуайер. Кембридж университетінің зерттеулері.
"
Шығармашылық
және сыни ойлау әдістері". – Cambridge University Press, 2019.
7.
Эдвард де Боно.
"
Lateral Thinking: Creativity Step by Step", Harper & Row баспасы.
1970 жыл.
8.
Ричард Флорида. Креативті класс: болашақты өзгертетін адамдар
»
(
The Rise of the
Creative Class
, 2020.