87
2.
Diane Larsen-Freeman. 2000. Techniques and Principles in Language Teaching.
Second Edition. Oxford: Oxford University Press
3.
Hadfield, J. (1990). A collection of games and activities for low to mid-intermediate
students of English: Intermediate communication games. Hong Kong: Thomus and Nelson and
Nelson and Sons.
4.
Huyen, N., & Thu-Nga, K. T. (2003). Learning vocabulary through games.
5. Maratovich J. N. Journal Homepage:-www. journalijar. com.
6.
McCallum, G. P. (1980). 101 word games: For students of English as a second or
foreign language. Oxford: Oxford University Press.FL Journal, p. 14.
7.
Richards, J. C., & Renandya, W.A. (2002). Methodology in Language Teaching: An
Anthology of Current Practice. Cambridge: Cambridge University Press
8.
Richards, J.C., Platt, J., & Platt, H. (1995). Longman Dictionary of Language Teaching
& Applied Linguistics. Beijing: Foreign Language Teaching and Research, Press.
9.
Thornbury, S. (2002). How to Teach Vocabulary. Harlow: Pearson Education Limited.
W
10.
Wright, A., Betteridge, D., & Buckby, M. (2006). Games for language learning.
Cambridge: Cambridge University Press.
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ КОНСТРАСТИВТЕРДIҢ
ҚОЛДАНЫСЫ (ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ АРАБ ТIЛДЕРI
КОНСТРАСТИВТЕРIHIҢ ТIЛАРАЛЫҚ БАЛАМАЛЫҒЫ НЕГIЗIНДЕ)
ОАИУ оқытушы Байназарова Л.А.,
ОАИУ оқытушы Есенкулова А.Р.
Оппозициялық семантикаға құрылған қарама-кайшылықты барлық жағынан жеткізе
алатын тіліндегі қарама-қарсы бірліктерді номинациялау дәстүрін жалғастыра алатын
контрастивтер термині гипероним термин (араб тілінде- әл-аддад) ретінде ұсынылды. Қазақ,
ағылшын және араб тілдерінің контрастивтерін топтастыру барысында салғастырылатын
тілдердің антонимдері оппозиция әдісі арқылы талданып, олар градуалды, привативті және
эквиполентті түрлерге жіктелді. Үш тілде де эмоционалды-бағалауыштық энантионимдер
номинативті энантионимдерге қарағанда өнімділік сипатымен айрықшаланады.
Термин «констрастивы», который может продолжить традицию именных единиц на
языке, который может быть выражен в противоположность семантическим противоречиям,
был представлен в качестве термина «гипероним» (на арабском языке-аль-аддад). В ходе
классификации констрастивов с казахского, английского и арабского языков, были
исследованы антонимы сопоставляемых языков методом оппозиции и подразделились на
градуальный, привативный и эквиполентный виды. В отличие от номинативных
энантионимов,
эмоционально-рациональные
энантионимы
отличаются
качеством
продуктивности во всех трех языках.
The term of a kontrastiva which can carry on tradition of personalized units in language which
can be expressed contrary to semantic contradictions was submitted as the term a hyperonym (on
Arab al-addad). During classification of kontrastiv from the Kazakh, English and Arab languages,
antonyms of the compared languages were investigated by method of opposition and were subdivided
into gradual, private and equipollent types. Unlike, nominative enantionim, emotional and rational
enantionim differ in quality of efficiency in all three languages.
Қазақ, ағылшын және араб тілдеріндегі узуалды антонимдер градуалды, привативті жэне
эквиполентгі антонимдерге ажыратылып топтастырылды. Бұл жүйелеудің негізі универсалды
болғандықтан, қазақ, ағылшын және араб тілдеріне ортақ. «Градуалды антонимдер белгілі бір
қасиеттің, сапаның ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді. Олардың арасында аралық
мағыналарды білдіретін бір немесе бірнеше компонент болуы мүмкін. Бұл аралық мүше
қасиет-сапаның өлшемдік шкаласының дәл ортасында орналасып, сапа белгісінің қарама-
88
қарсы полюстерінің аралығындағы қалыпты жағдайды білдіреді» - (мұздай - суық - салқын -
жылы -ыстық). Мысалы, Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білесің,
Ағайынның алыс-жақынын іс түскенде білерсің.
Best late than never- Ештен кеш жақсы
Ма фиш жадид билә қадим (Ескісі жоқтың жаңасы болмас).
Талданған материалдар нәтижесі қазақ, ағылшын және араб тілдерінде градуалды
антонимдердін өнімділігін көрсетті. Бұл түрге жататын антонимдердің тілдегі сандық
көрсеткіштерінің арасалмағы бірдей (795 - қазақ тілінде,790–ағылшын,785-араб тілінде) және
олар салғастырылатын тілдердегі антонимдердің негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, үлкен-кіші,
ыстық-суық, алыс-жақын, жақсы-жаман, азаю-көбею, арзан-кымбат, бай-кедей т.б., go-stop,
good-bad, pelf-evil, тауил-қасир (ұзын-қысқа), сақилун-суубун (жеңілдеу-ауырлау) және т.б.
Привативті антонимдер градуалды антонимдердің компоненттері сияқты бірін-бірі
жоққа шығаратын нышандарға ие, бірақ олардың арасында аралық элемент болуы мүмкін
емес. Привативті антонимдердің элементтері білдіретін сипаттың екі ұғымның көлемі бірдей
болып немесе біріге келіп, осы тектік ұғымның бүкіл көлемін қамтиды; бұл қатарға әр түбірлі
(бойдақ-үйленген, әйел-еркек, өз-өзге, өлі-тірі, women-men, wife-hussband, сакит-қаил
(үндемейтін-сөйлейтін), сахих-қата (дұрыс-қате) және түбірлес (абыройлы-абыройсыз, мәлім-
беймәлім, сабырлы-сабырсыз, pleasant- unpleasant, sanitary- unsanitary, well-unwell, timely-
untimely, сахих- ғаир сахих (дұрыс-дұрыс емес), мааруф-ғайр маруф (белгілі-белгісіз)
лексемалар енеді.
Антонимдерді топтастыруда қарама-қарсы мағыналы аффикстері бар сөздерді
привативті антонимдердің қатарына қосуға бола ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Алайда,
тілдік жүйе мұндай көзқарасқа сыймауы ықтимал. Мәселен, білімді-білімсіз, әлді-әлсіз
жұптарында теріс мағынадағы аффикстің болуы оларды привативті антонимдер түріне
жатқызуға мүмкіндік бермейді, себебі, осы сөздермен белгіленіп отырған ұғымдардың
арасында аралық мүше бар: білімді - білімі шамалы - білімсіз, әлді - әлі аз - әлсіз; small- smaller-
very small, big-biger-very big, ақилун- қаллилу ақли-қамқа.
Аталған жұптар арасында мүше болуы мүмкін емес антонимдерден
сапалық сипат та ерекшеленеді: жүйелі-жүйесіз, кауіпті-кауіпсіз, мәдәнииун-бидун
pleasant- unpleasant, sanitary- unsanitary, well-unwell, timely-untimely, мәдәнииун (әдепті-
әдепсіз), маруф-ғейру маруф (таныс-бейтаныс).
Зерттеу жұмысында қазақ, ағылшын және араб тілдеріндегі привативті антонимдер
ауқымды тілдік деректер арқылы талданды. Олар жиілігі жағынан градуалдылардан кейінгі
орында тұрады (310 - қазақ тілінде, ағылшын тілінде- 300, 345 - араб тілінде), араб тіліндегі
привативтер негізінен осы тілдің құрылымдық-типологиялық ерекшеліктерімен байланысты
болып келеді. Қазақ тілінің префиксалды привативтері арасында араб тілінен енген сездер
басым белігін құрайды. Расмииун-ғайру расмииун (ресми-бейресми) т.б.
Эквиполентті антонимдердің арасында қолданыстық машық арқылы қалыптасқан
ассоциативті қарама-қарсылық орын алады. Мұндай
қарама-қарсы қоюшылық тілді қолданушының санасында кос компонент
сияқты орын алады. Мысалы, Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Эквиполентті антонимдер құрамына іс-әрекеттің, белгілі бір күйдің
қарама-қарсылығын білдіретін лексемалар: түсу-міну, көтерілу-құлау, сату-
сатып алу, to go- to stop, to take- to put, to sit down- to get up, катаба-масаха (жазу-өшіру),
саада-асафа (қуану-ренжу), нама-истайхаза (ұйықтау-ояну), лексикалық конверсивтер: жеңу-
жеңілу, үйрену-үйрету, дараса-дарраса (оқу-оқыту), қаидун-мақуудун (басқарушы-
басқарылушы), жыныстық, туыстық нышандары: ұл-қыз, ата-ана, mother-father, son-daughter,
әббун-уммун (әке-шеше), ибнун-бинтун (ер бала-қыз бала), тәулік уақыты: таңертең-кешке,
day-nigt, иаумун-ләйлун-(күндіз-түн), әлеуметтік қатынастары: патша-азамат, king-slave,
раббун-абдун(қожайын-құл) т.б. бойынша компоненттері қарама-қарсы қойылған, бір-бірінен
мағыналық жағынан өзара байламды жұптар енеді. Эквиполентті антонимдер жиілік
89
тұрғысынан алғанда ең өнімсіз қатарды құрайды (45 - қазақ тілінде, ағылшын тілінде-55, 70 -
араб тілінде).
Тілдік құрылымда антоним болмайтын сөздер мәтінде қарама-қарсы қойылып,
стилистикалық антонимдер деп танылады. Қазақ тіл білімінде контекстуалды антонимдердің
маңызы туралы мәселе А.Қ. Жұмабекованың еңбегінде жүйеленген. Араб тіл білімінде
контекстуалды антонимдер С.Ж. Әбу Хадыр жэне Ф.А. әл-Қаръан сияқты ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған.
Контекстуалды антонимдер әр алуан тілдік және тілден тыс себептерге
байланысты контексте бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұндай антонимдер
сөйлеу барысында контекстуалды мағынага ие бола отырып, бір рет қана
қолданылады. Олардың өзара қарама-қарсылығын жасайтын құрылымдардың
және формальды құралдары міндетті түрде болуы қажет. Осыған байланысты
олар контекстен тыс екінші рет қолданылмайды: Мысалы, Үй иесі мейірлі
отырса, қонақ көңілді отырады. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан
бол. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
Қазақ, ағылшын және араб тілдеріндегі энантионимдер таралуына қарай жалпы тілдік
және диалектілік, ал функционалдық ерекшеліктеріне қарай номинативтік және эмоционалды-
бағалауыштық энантионимдер деп бөліп топтастырылады.
Қазақ әдеби тіліңде энантионимдердің көлемі басым болғанымен, диалектілік
энантионимдердің де өзіндік орны бар екенін айта кету керек, біз жинақтаған диалектілік
энантионимдердің сандық көрсеткіші 60-ка жуық.
Мәселен, әжептәуір сөзі диалектілерге тәп-тәуір, жап-жақсы, кәдімгідей және нашар,
келіссіз, жағымсыз деген энантиосемиялық мағыналарда жұмсалады. Өзі ауданда істейді екен.
Әжептәуір қызметкер дейді. Демалыс алып, осындағы нағашысының үйіне қонаққа келіпті (Т.
Ахтанов, «Дала сыры»). Оның әйелі әжептәуір кісі екен, жекіп тастады (КТАС, 97).
Сондай-ақ, қазақ тіліндегі диалектілік энантионимдерден «қыз бала» және «ер бала,
жігіт» мағыналарында жұмсалатын балдыз сөзі, «ұнамсыз, жағымсыз» және «жақсы, тамаша»
деген мағыналарды аңғартатын ерсі сөзі, «әйел» және «ер адамдар, бір топ адамдар» деген
мағынада жұмсалатын жамаат сөзі (ҚТАС, 131), бас және адам денесінің бастан басқа бөлігі
деген мағыналардағы келде сөзі (ҚТАС, 311), сондай-ақ, көке, тәте т.б. сөздерді атауға болады.
Ағылшын тіліндегі энантионимдердің болуының негізгі себептерінің бірі – ағылшын
тілінің варианттылығының көптігімен түсіндіріледі. Ағылшын тіліндегі энантионимдердің
сандық көрсеткіші 70-ге жуық сөзді құрайды. Мысалы, double bed сөзінің екі адамдық төсек,
ерлі зайыптылар жатын орны және екі бөлек төсек, ажырасқан, екіге бөлінген төсек деген
энантиосемиялық мағыналары варианттар арқылы қалыптасқан. Айталық, Американдық
вариантта double bed ажырасқан, екіге бөлінген екі төсек деген мағына білдірсе, Англия
варианттында адамдық төсек, ерлі зайыптылар жатын орны деген мағына береді.
Араб тіліндегі энантионимдердің көлемі басым болуының негізгі себептерінің бірі - араб
диалектілерінің көптігімен түсіндіріледі. Араб тіліндегі диалектілік энантионимдердің сандық
көрсеткіші 200-ге жуық сөзді құрайды, олар жұмыста деректік материалдар негізінде кеңінен
талданды. Мысалы, сәмид- сөзінің көңіл көтеруші, ойын-сауық құрушы, ойнаушы және
қайғылы деген энантиосемиялық мағыналары диалектілер арқылы калыптасқан. Айталық,
Йемен диалектісінде сәмид- көңіл көтеруші, ойын-сауық жасаушы деген мағына білдірсе,
Тунис диалектісінде қайғылы деген мағына береді. Мұндай энантионимдер қатарын (түннің)
келуі және кетуі деген энантиосемиялық мағынадағы ас'аса, өгей қыз және өгей шеше секілді
қарама-қарсы мағыналы рабибатун, шөлдеген және тойған мағыналарды аңғартатын эн-наьш,
қараңғы және жарық деген мағыналы эс-судфә- сияқты т.б. сөздер мен толықтыруға болады.
Энантионимдерді жіктеудегі маңызды критерийлерінің бірі - олардың мағыналық
ерекшелігін есепке алу болып табылады. Бұл критерийге сәйкес номинативтік және
эмоционалды-бағалауыштық энантионимдер болып бөлінеді.
Номинативтік энантионимдер контрарлы, комплементарлы қарама-қарсылықты,
сонымен қатар іс-әрекеттің, белгінің және қасиеттің қарама-қарсылық бағытын білдіреді.
90
Мағынаның контрарлы қарама-қарсылықты білдіретін лексикалық бірлігі өнімдірек топ
болып табылады. Номинативтік энантионимдер сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда
болады да, ол көбінесе етістіктерге тән болады.
Номинативтік энантионимдердің семантикалық компоненттерін: 1) пайда болу-жоғалу;
2) қосылу-бөліну; 3) тазалау, сырлау, әрлеу-бүлдіру, былғау; 4) әкелу-әкету; 5) айыру-қосу, 6)
бір орында болу-ол орыннан алысқа ұзап кету.
Осы орайда оппозициялық семантикаға құрылған қарама-кайшылықты барлық жағынан
жеткізе алатын және ағылшын тіліндегі қарама-қарсы бірліктерді номинациялау дәстүрін
жалғастыра алатын контрастивтер термині гипероним термин ретінде ұсынылды.
Араб тіл білімінде де аталған тілдік бірліктер терминологияда ортақ эл-аддад терминімен
беріліп келді.
Тілдік парадигмадағы құрылымдық ұйымдасуы және таңбалық тұрғыдан
берілуінде өзіндік ерекшеліктерге ие антонимдер мен энантионимдердің
феномендік белгілерін анықтау нәтижесінде араб тіліндегі антонимдерді
әт-тәкабул эд-дәлэли, ал энантионимдерді эл-аддад деп атау қажеттілігі дәлелденді.
Қазақ, ағылшын және араб тілдерінің контрастивтерін топтастыру барысында
салғастырылатын тілдердің антонимдері Н.С. Трубецкойдың оппозиция әдісі арқылы
талданып, олар градуалды, приватавті және эквиполентті түрлерге жіктелді.
Ағылшын және араб варианттары мен диалектілерінің аймақтық тұрғыдан кең таралуына
және экстралингвистикалық факторлардың әсеріне байланысты қазақ тіліне қарағанда,
энантионимдердің көлемі әлдеқайда артық. Үш тілде де эмоционалды-бағалауыштық
энантионимдер
номинативті
энантионимдерге
қарағанда
өнімділік
сипатымен
айрықшаланады.
ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Мусин Ж. Қазақ тіліндегі антоним сөздер. - филол.ғыл.канд.дис. -Көкшетау, 1970.-253 б.
2. Жумабекова А.Қ. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. - Алматы, 2000. -184 6.
3. Жүсіпов А.Е. Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары. - филол. гыл.
канд. дис. автореф. - Астана, 2004. - 29 б.
4. Философский словарь под ред. И.Т. Фролова. - М., 1991. - 560 с.
5. Миллер Е.Н. Природа лексической и фразеологической антонимии // -Саратов, 1990.-223
с.
6.Жумабекова А.К. Оппозитивный анализ антонимических единиц казахского и русского
языка: дисс. ... док. филол. наук. – Алматы, 1995. – 161с.
7. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. – Алматы:Мектеп, 1984.
– 176 б.
8. Иванова В.А. Антонимия в системе языка. – Кишинев: Штиница, 1982.
– С. 212.
9. Аханов К. Қазақ тіліндегі антонимдер // Пионер, 1955. №11. – 20 б.
10. Абдыгалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың мағынасы мен
қызметі. – Алматы: Білім, 1996. – 160
11.АТТС - (Араб тілінің «әл-Уасит» түсіндірме сөздігі).
12.АТҚС - (Араб тілінің қысқаша сөздігі). РАС - Русско-арабский словарь.
13.ОАР-РАС- Оксфордский англо-русский, русско- англииский словар
14.Донбаева А.Б. Даналықтың түбі бір //Ғылыми монография
METAPHORICAL REFLECTION OF THE CATEGORY EMOTION IN ENGLISH
AND KARAKALPAK LANGUAGES
Bayrieva Maryam – assistant teacher
KSU named after Berdakh
Metaphor is a tool used in any situation to deconstruct scientific systems, recognize abstract
ideas, and make information attractive and motivating. Metaphors are used to explain invisible
