Коммуникативная компетентность студентов педагогические условия формирования

CC BY f
353-357
2
0
Поделиться
Дайрабаев, Р., & Абишова, Г. (2023). Коммуникативная компетентность студентов педагогические условия формирования. Ренессанс в парадигме новаций образования и технологий в XXI веке, 1(1), 353–357. https://doi.org/10.47689/XXIA-TTIPR-vol1-iss1-pp353-357
Crossref
Сrossref
Scopus
Scopus

Аннотация

В данной статье представлено научно-теоретическое обоснование формирования коммуникативной компетентности через исследовательскую деятельность студентов, выявления педагогических условий и доказательства ее эффективности путем эксперимента.


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

353

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Дайрабаев Р., Абишова Г.

Түркістан, Қазақстан

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

e-mail:

rustembek.dairabayev@ayu.edu.kz

e-mail:

gulzhan.abishova@ayu.edu.kz

Түйіндеме.

Бұл мақалада оқушылардың зерттеушілік әрекеттері арқылы

қоммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың ғылыми - теориялық
негіздемесін жасау, педагогикалық шарттарын анықтау және оның тиімділігін
эксперимент арқылы дәлелдеу келтірілген.

Резюме.

В данной статье представлено научно-теоретическое обоснование

формирования коммуникативной компетентности через исследовательскую
деятельность студентов, выявления педагогических условий и доказательства ее
эффективности путем эксперимента.

Summary.

This article presents a scientific and theoretical justification for the formation

of communicative competence through the research activities of students, identifying
pedagogical conditions and proving its effectiveness through experiment.


Білім беру жүйесін жаңарту қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып

табылатын болғандықтан, білім беру үрдісіне қойылатын жоғары талаптар оны
жаңа тұрғыдан ұйымдастыруды қажет етеді. Жаңа ұлттық 12-жылдық мектептің
алдындағы негізгі міндеттердің бірі – жоғары білімділікке ие, құзыретті, өз бетімен
маңызды шешімдерді қабылдай алатын, ізгіліктіктігі мен жауапкершілігі мол
адамдарды қалыптастыру. Бұл міндеттер мектепте тиянақты білім беруді ғана емес,
сондай-ақ оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған
әрекеттерді талап етеді. Еліміздегі оқу орындарында сапалы білім беру туралы
маңызды құжаттарда айқындалған білім беру жүйесін дамытудың жаңа
стратегиясы жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді
қалыптастыруға бағытталып отыр [1].

Соған орай, «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2025 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасы» Жобасында еліміздің білім беру жүйесін түбегейлі
модернизациялау, білім берудің сапасын жақсарту қажеттігі айтылған [2,3]. Бүгінгі
күн талаптарына сай оқу үдерісінің тиімділігін арттыру, құзыретті мамандарды
қалыптастыру құралы ретінде зерттеушілік әрекеттердің мүмкіндіктері елеулі
басымдықтарға ие болып отыр. Ғалымдар зерттеушілік тәсілдің мектеп оқушылары
үшін белгілі бір ғылым әдісіне бастайтын жол екенімен қатар, олардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал, шығармашылық ойлауы мен
танымдық дербестігін дамытатынын атап өтеді. Соған орай, өздігінен оқу
әдістерінің қоршаған ортаны тануға, өзіндік ойлау машықтарына баулитын негізгі
оқу әдістері ретінде терең зерделеу мен зерттеушілік тәсілдің мәнін тану және
оның оқушы бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудағы мүмкіндіктерін
жан-жақты қарастыру қажеттігін айтады [4].


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

354

Құзыреттілікке бағытталған білім беру оны тиімді ұйымдастырудың мән-

мазмұнын, әдіс-тәсілдерін құрастыру және оны меңгеру арқылы жүзеге
асырылады. Сондықтан, зерттеушілік әрекеттердің ғылыми негіздерін игеру, оның
оқу процесіндегі ролін және оқушының коммуникативтік құзыреттіліктерін
дамытуға ықпалын анықтау, сөйтіп, білім берудің жаңа нәтижелерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын белгілеу маңызды зерттеу
мәселелердің бірі екені сөзсіз [5].

Оқушылардың

зерттеушілік

әрекеттері

арқылы

коммуникативтік

құзыреттілікті қалыптастыру моделінің тиімділігін тексеру мақсатындағы
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Анықтау

эксперименті

кезінде

оқушылардың

қоммуникативтік

құзыреттіліктерінің компоненттері, атап айтқанда, мотивациялық – жазу
мүмкіндіктерін бағалауға, дамытуға, зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруға, өзіндік
жазбалар жүргізуге ынталануы; танымдық – пәндік және пәнаралық танымдық,
білімдік проблеманы анықтау, мақсат қоя білу, зерттеулер тақырыбын таңдай алуы;
іс әрекеттік – зерттеу кезеңдерін құру, тұтас циклын жобалай алу, презентациялау,
нәтижесін бағалай алу, бағалау өлшемдерін құра білу деңгейлері айқындалды.
Сонымен қатар, экспериментке қатысушы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің
коммуникативтік құзыреттілік және оны қалыптастыру туралы түсініктері,
олардың осы бағыттағы инновациялық – әдістемелік мүмкіндіктері, соның ішінде,
зерттеушілік әрекеттерді тиімді ұйымдастыру әдістемесін жете білуі және қолдану
деңгейлерін айқындау мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар
нәтижесінде оқушылардың өз бетінше зерттеулер жүргізуге, өзіндік жаңалықтар
ашуға ынталары, танымдық зерттеу мақсаттарын қоя білуі және оны жазбаша
құрастыра, жобалай білу деңгейлері анықталды. Бұл кезеңде эксперименттік
топтағы оқушылардың 6,7 % -жоғары деңгейдегі көрсеткішке ие болған болса, 58,0
%-ы ең төменгі деңгейді көрсетті. Бақылау тобына қатысушылардың 12,0 %
жоғары, 52,0% төмен болды. Жүргізілген жұмыстар зерттеушілік әрекеттерді
ұйымдастырудың төмен болу себептерін: мұғалімдердің зерттеушілік әрекеттерді
ұйымдастыру, зерттеушілік жазу сабақтарының құрылымын, оқушылардың
жазбаша

коммуникативтік

құзыреттілігін

қалыптастыруға

бағытталған

тапсырмалар жүйесін жасақтау, педагогтарды білім беру үрдісінің әртүрлі
кезеңдерінде

зерттеу

әрекеттерін

дамыту

іскеліктері

және

әзірлігі

қалыптаспағандығын көрсетті. Зерттеушілік үрдісіне қатысушылардың өзіндік
бағалау, өзіндік дамыту және түзету, өз мүмкіндігін жүзеге асыру әрекеттері төмен
деңгейде, мұғалімдердің зерттеу әрекеттеріне үйрету мүмкіндігі шектеулі екені
анықталды. Оны сауалнамаға берілген жауаптардағы зерттеушіліктен гөрі
бақылау, тексеру қызметтерінің басымдылық көрсеткіштері дәлелдейді.

Коммуникативтік

құзіреттілікті

анықтайтын

әдістемелердің кешені

құрамына төмендегі әдістемелер пайдаланылды В.Ф.Ряховскийдің «Қарым-
қатынас деңгейін анықтау тесті», Г.А.Ратанова, Н.Ф.Шляхта құрастырған
«Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерді бағалау» әдістемесі
зерттеушілік әрекеттеріне бейімділіп қайта құрастырылды, сонымен қатар,
бейімделіп өңделген В.А.Лабунскаяның «Зерттеушілік әрекеттер барысында
эмпатияға қабілеттілікті бағалау әдістемесі» зерттеу барысында пайдаланылды.


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

355

Аталған әдістемелерге сай жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша

төмендегідей мәліметтер алынды өзіндік шығармашылық тілдік әрекетті
ұйымдастыру іскерлігі – 65%; өзара қарым-қатынасқа түсу іскерлігі – 92,2%;
танымдық қарым-қатынас ұйымдастыру іскерлігі – 53,2%; ұжымда ақпарат алмасу
іскерлігі – 71,9%. Мұнда ең көп таңдалған іскерлік коммуникативтік іскерлік –
топта қарым-қатынасқа түсе білу іскерлігі, ақпарат алмасу іскерлігінің де жоғары
көрсеткіші қарым-қатынас процесін жеңілдететіні анықталды.

Зерттеудің

тағы

бір

міндеті

коммуникативтік

құзіреттілікті

қалыптастырудың төмен деңгейі себептерін анықтау болды. Сауалнама нәтижелері
бойынша, оқушылардың 36,7% – жүйелі және мақсатқа бағытталған зерттеушілік
жұмыстардың аздығын себеп ретінде айтады, 33,3% – коммуникативтік жазба
іскерліктері мен дағдыларды дамыту үшін жағдайлар туғызылуы керектігін, 23,3%
– зерттеушілік ортасының жоқтығын, 6,7% – жазбаша коммуникативтік қарым-
қатынас процесіне жеткіліксіз түрде тартылатындығын аталған құзіреттіліктің
төмен деңгейінің себебі ретінде қарастырады.

Коммуникативтік

құзіреттілік

деңгейін

анықтау

мақсатында

В.Ф.Ряховскийдің коммуникативтік деңгейді анықтау тестін қолданып,
коммуникативтік құзіреттіліктің жоғары, орташа, төмен деңгейлері анықталды.
Эксперименттік топта зерттелушілердің 38,0% – төмен деңгей, 41,0% – орта
деңгей, 21,0% – жоғары деңгей көрсетті, ал бақылау тобында төмен деңгей – 38,5%,
орта деңгей – 43,5%, жоғары деңгей – 18%. Коммуникативтік құзіреттіліктің
маңызды көрсеткіші қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалды қолдау көрсетуі,
яғни, эмпатиялық деңгей. Зерттелушілердің эмпатиялық деңгейін анықтау кезінде
тест төмендегідей нәтижелер көрсетті. Эмпатиялық деңгейі жоғары эксперименттік
топтағы оқушылар – 61,67%, бақылау тобынан 58,33%, эмпатиялық деңгейі орташа
оқушылар экперименттік топта – 23,33%, бақылау тобында – 20%, төмен деңгей
эксперименттік топта – 15,0%, бақылау тобында – 21,37%.

Коммуникативтік

құзіреттіліктің

қалыптасуына

кедергі

келтіретін

факторларды анықтау мақсатында “Қарым-қатынас субъектісінің әлеуметтік-
психологиялық сипаты» (В.А.Лабунская) әдістемесін жүргіздік. Бұл әдістеме
арқылы

экспрессивті-сөздік,

әлеуметтік-перцепциялық,

өзара

әркеттесуді

ұйымдастыру іскерліктері мен дағдылары, қарым-қатынас жағдайларымен (қарым-
қатынас қарқыны, қарым-қатынасқа түсушілердің саны, қарым-қатынас
куәгерлерінің болуы, жастық, жыныстық ерекшеліктер, серіктестің мәртебесі)
байланысты қарым-қатынас қиындықтарын анықтай аламыз.

Зерттеу нәтижелері төмендегі 1 - суретте бейнеленген.


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

356

Сурет 1 - Зерттелушілердің қарым-қатынасына кедергі келтіретін

факторлардың көрсеткіштері


Бұл зерттеудің нәтижесі бойынша қарым-қатынасқа кедергі келтіретін

төмендегі факторлар көрсеткіштері белгіленді: ЭТ-экспрессивті-тілдік; ӘП -
әлеуметтік-перцепциялық; ҚҚ-қарым-қатынасқа түсе алмау; ӨӘД-өзара әрекеттесу
дағдылары; ҚЖ-қарым-қатынасқа әсер ететін жағдайлар. Суреттен көріп
отырғанымыздай ең қиындық келтіретін фактор өзара әрекеттесуді ұйымдастыру
дағдылары мен іскерліктерінің (9,89 ұпай) жоқтығы, азаю реті бойынша
қарастырсақ одан кейінгі кедергі келтіретін фактор – қарым – қатынасқа түсе алмау
(9,62), әлеуметтік-перцепциялық (9,08), экспрессивті-тілдік (9,06) және қарым-
қатынасқа әсер ететін жағдайлар (6,51).

Зерттеу барысында зерттеушілік әрекеттерді тиімді ұйымдастыру арқылы

коммуникативтік

құзыреттілікті

қалыптастыру

мұғаімдер

тәжірибесіне

ендірілмегені, көптеген педагогтар үшін жаңа әдістеме екені анықталды. Анықтау
эксперименті бойынша төмендегі қорытындылар жасалды:

1)

Қалыптасқан білім беру тәжірибесінде оқушылардың зерттеушілік

әрекеттерді тиімді ұйымдастыру арқылы коммуникативтік құзыреттілікті
қалыптастыру механизмдері жасалмаған. Экспериментке қатысушы мектеп
оқушыларының коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болатын
зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруға мотивациялық, танымдық, іс – әрекеттік

деңгейлері төмендігі анықталды.

2)

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы келесі

проблема – мұғалімдердің зерттеушілік әдістерді пайдалану деңгейі төмен.
Сондықтан мұғалімдердің зерттеушілік әрекеттерді ұйымдастыру туралы
теориялық және тәжірибелік білімдері толықтыруды қажет етеді.


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

357

3)

Мұғалімдерге

арналған

оқушылардың

зерттеушілік

әрекеттерін

рефлексиялық зерттеу, танымдық зерттеу, жобалық зерттеу түрінде ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін жаңа әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі белгілі болды.

Тұжырымдай келе, мектеп мұғалімдерінің зерттеушілік әрекеттерді

ұйымдастыруға даярлығын және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруды зерттеудің келесі кезеңі - қалыптастыру экспериментінің

міндеті

ретінде қойылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.

Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. - Шымкент:

ОҚМУ, 2003. – 64-66 б.
2.

Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру

тұжырымдамасы. Мектеп. 2006.
3.

Ж.А.Қараев,

Б.У.Қуанбаева.

Жетілдірілген

педагогикалық

жүйені

жобалаудың дидактикалық шарттары. 2004. №1. – 233-236 б.
4.

Сарбасова.Қ.А.

Инновациялық

педагогикалық

технологиялар.

Алматы.Атлас. 2001. – 175 б.
5.

Қобдикова.Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. – Алматы. –

2002 ж. – 75 б.




Библиографические ссылки

Куанышева С.Е. Биологияны окыту эдктемеск Оку куралы. - Шымкент: ОКМУ, 2003. - 64-66 б.

Казакстан Республикасында 12 жылдык жалпы орта бипм беру тужырымдамасы. Мсктсп. 2006.

Ж.А.Караев, Б.У.Куанбаева. Жет1лд1рыген педагогикалык жуйеш жобалаудыц дидактикалык шарттары. 2004. №1. - 233-236 б.

Сарбасова.КА. Ииновациялык педагогикалык технологиялар. Алматы.Атлас. 2001. - 175 б.

Кобдикова.Ж. Орта мектепте бЫм алуды технологияландыру. - Алматы. -2002 ж. - 75 б.

inLibrary — это научная электронная библиотека inConference - научно-практические конференции inScience - Журнал Общество и инновации UACD - Антикоррупционный дайджест Узбекистана UZDA - Ассоциации стоматологов Узбекистана АСТ - Архитектура, строительство, транспорт Open Journal System - Престиж вашего журнала в международных базах данных inDesigner - Разработка сайта - создание сайтов под ключ в веб студии Iqtisodiy taraqqiyot va tahlil - ilmiy elektron jurnali yuridik va jismoniy shaxslarning in-Academy - Innovative Academy RSC MENC LEGIS - Адвокатское бюро SPORT-SCIENCE - Актуальные проблемы спортивной науки GLOTEC - Внедрение цифровых технологий в организации MuviPoisk - Смотрите фильмы онлайн, большая коллекция, новинки кинопроката Megatorg - Доска объявлений Megatorg.net: сайт бесплатных частных объявлений Skinormil - Космецевтика активного действия Pils - Мультибрендовый онлайн шоп METAMED - Фармацевтическая компания с полным спектром услуг Dexaflu - от симптомов гриппа и простуды SMARTY - Увеличение продаж вашей компании ELECARS - Электромобили в Ташкенте, Узбекистане CHINA MOTORS - Купи автомобиль своей мечты! PROKAT24 - Прокат и аренда строительных инструментов