Мектеп курсында және биологиядан сыныптан тыс жұмыста ізденушілік білігін қалыптастыру мен дамытудың әдістемелік аспектілері

CC BY f
39-42
0
0
Поделиться
Салыбекова , Н., Тургунбоева, Ф., & Яутикова, Н. (2023). Мектеп курсында және биологиядан сыныптан тыс жұмыста ізденушілік білігін қалыптастыру мен дамытудың әдістемелік аспектілері. Ренессанс в парадигме новаций образования и технологий в XXI веке, 1(1), 39–42. https://doi.org/10.47689/XXIA-TTIPR-vol1-iss1-pp39-42
Н Салыбекова , Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави

кандидат медицинских наук

Ф Тургунбоева, Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави

Магистрант

Н Яутикова, специализированная школа-интернат №3 имени Калмырзы

учитель биологии

Crossref
Сrossref
Scopus
Scopus

Аннотация

Қазіргі уақытта жалпы білім берудің ең маңызды міндеті әрбір ізденушінің өзінің толыққанды тәжірибе жинақтауға, ізденушілік дағдысын қалыптастыруға бағыттылығы болу қажеттілігі жоғарыда тарауларда да қарастырылды. Бұл жетістіктің негізгі жолы-білім алушылардың шығармашылық, ізденушілік-іс-әрекеті. Жаһандық үдерістер білім беруді ақпараттандыруға алып келеді, білімгер тұлғасының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі дамытуға ықпал ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге деген қажеттілікті тудырады. Бұл, өз кезегінде, білім беру қызметі үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық білім беру ортасын құру келешегін анықтайды, оның қатысушылары арасында рөлдерді қайта бөлуге әсер етеді.

Похожие статьи


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

39

ӘОЖ 573:371.3

МЕКТЕП КУРСЫНДА ЖӘНЕ БИОЛОГИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС

ЖҰМЫСТА ІЗДЕНУШІЛІК БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН

ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Н.Н.Салыбекова

1*

, Ф.Ж.Тургунбоева

2*

, Н.С.Джаутикова

3*

1

PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті,

Қазақстан, Түркістан қ.

*e-mail: nurdana.salybekova@ayu.edu.kz

2

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

магистранты , Қазақстан, Түркістан қ.

e-mail: fazilat.turgunboyeva@ayu.edu.kz

3

Қалмырза атындағы №3 мамамандандырылған мектеп-интернаты,

биология пәні мұғалімі, Қазақстан, Шардара қ.

e-mail: nagimadzhautikova@mail.ru

Қазіргі уақытта жалпы білім берудің ең маңызды міндеті әрбір ізденушінің

өзінің толыққанды тәжірибе жинақтауға, ізденушілік дағдысын қалыптастыруға
бағыттылығы болу қажеттілігі жоғарыда тарауларда да қарастырылды. Бұл
жетістіктің негізгі жолы-білім алушылардың шығармашылық, ізденушілік-іс-
әрекеті. Жаһандық үдерістер білім беруді ақпараттандыруға алып келеді, білімгер
тұлғасының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі дамытуға ықпал ететін оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іздестіруге деген қажеттілікті тудырады.
Бұл, өз кезегінде, білім беру қызметі үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін
ғаламдық ақпараттық білім беру ортасын құру келешегін анықтайды, оның
қатысушылары арасында рөлдерді қайта бөлуге әсер етеді.

Жаңартылған мазмұнда білім беру бойынша білім беру стандарттары

білімгерлердің ғылыми зерттеу мен білім беруді интеграциялау, шығармашылық
белсенділігін арттыру, мамандығын таңдауға бағыттау, кәсіби білім беру, тез
шешім қабылдай алатын тұлға әзірлеу т.б. сияқты құндылықтарға ие білім
алушыларды дайындау міндеттемесі қойылуда.

Сабақта білім беру мен ғылыми ізденіс іс-әрекеттерін бірге жүргізу білім

беру үдерісінің басым бағыттарына айналуда. Осы тұрғыдан арнайы курстар,
факультативтік сабақтар, семинарлар, сабақтан тыс жұмыстар т.б. формада
жүргізуге болады. Осы міндеттерді жүзеге асыруда бірнеше инновациялық әдіс-
тәсілдер жетілдіруде. Атап айтар болсақ, жоба технологиясы. Оқыту технологиясы
арқылы жобалау, ізденіс іс-әрекеттерінің жүзеге асуын қалыптастырыру арқылы
теориялық білімін практикада жүзеге асыру дағдысын қалыптастыруға болады [1-
3].

Д.Н.Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, А.Н.Леонтьев, Ю.В.Барахтин

еңбектерінен жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруда арнайы
ұйымдастырылған білім берудің үдерісі іске асуы қажет. Ол үшін мынадай іс-
әрекеттер жүзеге асады:

- білім алушының зерттеу жұмысын бағдарлау;


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

40

- зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруды бақылау;
- нәтижелерді өңдеу, дәлелдеу, салыстыру.
Н.Ф.Талызина зерттеушілік іс-әрекеттің бағдарлы түрін анықтайды [4-8].
Жобалық іс-әрекетті орындаудың қадамдарына тоқталайық:

-құрылымын әзірлеу -оқушылар зерттеу мәселесіне қарай қандай да бір

объектіні жасауы керек болған кезде. мысалы, диаграммалар, модельдер, карталар
және т. б.;

-көркемдеу, әзірлеу-бұл жобалар, әдетте, музыка, сурет, кескіндеме сияқты

өмірдің эстетикалық салаларына қатысты;

- проблемаларды шешу. Бұл жобалар кез-келген өмірлік жағдайға немесе

кез-келген тақырыпқа байланысты мәселелерді шешуге арналған, мысалы, зерттеу
нәтижесіне қалай қол жеткізуге болады немесе негізгі орындалатын мәселелер
неде?

-топтық жұмыс. Оқушылар тобына, мысалы, мектепте жүргізілетін зерттеу

мәселелерін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды орындау қажет.

Жобалық оқыту әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары:

-оқушылар арасында әлеуметтік нормалар мен әлеуметтік құндылықтарды

дамытуға көмектеседі;

-пәннің әртүрлі элементтерін сәйкестендіруге және оқуды немесе зерттеуді

жүргізуге баға жетпес мүмкіндіктер береді;

-олардың еркіндік дәрежесінде тығыз ынтымақтастығы нәтижесінде білімді

кеңейтуге өте тиімді көмектеседі.

Кемшіліктері:

-жобаны барлық пәндер үшін жоспарлау мүмкін емес және бүкіл тақырыпты

осы стратегияға сәйкес оқыту мүмкін емес;

-уақыт пен шығындар тұрғысынан үнемді емес;
-мұғалімге білімгерлерге арналған жобаларды жоспарлау немесе орындау

және оларды бақылау өте қиын.

Ұсыныстар:
- бұл оқыту стратегиясы тәуелсіз оқыту стратегиясы ретінде емес, қосымша

оқыту әдісі ретінде қолданылуы керек;

-мұғалім модельдерді және т.б. дайындау үшін тәжірибесіздік пен қажетсіз

жобаларды қолдануға тырысуы керек.

-бақылау мәселесін болдырмау үшін мұғалім әр оқушы тобына жетекші

тағайындай алады;

- мұғалім әр жоба үшін уақыт шегін белгілеуі керек.
Жоба әдісі-бұл оқушыға деген жаңа көзқарас пен оны өмір сүруге үйретудің

жаңа тәсілі. Ол балада не бар екенін анықтауға және оның өзін дамытуға мүмкіндік
беруге бағытталған. Бұл өзін-өзі көрсетуге және қоршаған ортамен байланыс
орнатуға мүмкіндік береді. Әдістің идеясы-оқушы проблемаларды практикалық
шешуде теорияларды зерттеу арқылы өз білімдерін дамытуы керек, оның
барысында олар тиісті принципті түсінуге мүмкін береді. Осы мақсатта жоба
қажетті нәтижеге жету үшін жоспарлы әрекет болады. Ол білімнің өмірлік


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

41

жағдаймен байланысты болуы керек. Бұл стратегияның басты бағыты-баланы
әлеуметтендіру және проблемаларды шешу қабілетін дамыту.

Ғылыми-әзденістерді жүргізудің жоба әдісінен басқа да сабақ формалары

бар. Атап айтар болсақ, сыныптан тыс жұмыс түрлері (биологиялық кештер,
конференциялар мен семинарлар), факультативтік сабақтар.

Факультативтік сабақтар әр мұғалімнің, тіпті мектептегі сала мамандарының

бірлесіп жасалатын жұмыстарынан тұрады. Жылда өтілетін тақырыптар бірізділігі
сақталуы шарт емес. Заман талабына сай тақырыптар да енгізілуі мүмкін. Атап
айтар болсақ, қазіргі кезде биотехнология саласының жетістіктері де мектеп
бағдарламасына ену міндеті қойылуда. Бірақ бұл түсініктер оқулықтарға
енбегенімен бағдарламаға соның ішінде, факультативтік сабақтар сияқты сыныптан
тыс жұмыстарға енгізуге болады. Бұл сабақ формасы 1 сыныптан бастап 11-
сыныпқа дейін жүргізіле береді. Ұсынылған тақырыптар мектеп басшылығымен
бекітліп, орындалғаны жөнінде есеп беріледі. Апталық сағат мөлшері 0,5 құрайды,
яғни екі аптада бір рет жоспарланады. Сабақ және пәндік бағыттағы факультативті
сабақты салыстыру 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Сабақ және пәндік бағыттағы факультативті сабақты салыстыру

Салыстыру белгілері

Оқытудың ұйымдастырушылық формасы

сабақ

Пәндік бағыттағы

факультативтік сабақ

Оқу жоспарындағы

мәртебе

Міндетті сабақ

Қосымша сабақ

Мақсатты бағдар

Білім алушылардың

жалпы білім беру

дайындығы

Пән бойынша жоғары

деңгейдегі дайындық

Оқыту мазмұны

Базалық деңгей

бағдарламасымен

анықталады

Факультативтік сабақтар

бағдарламасымен

анықталады

Білім алушылардың оқу

уәждемесінің деңгейі

Әрқашан жоғары емес

Әдетте жоғары,өйткені ол

ізденушінің таңдауына

сәйкес келеді

Бағдарламалар мен оқу

құралдары

Мемлекеттік

бағдарламалар

Авторлық бағдарламалар,

оқу құралдарын

пайдалануға болады

Білім алушылардың оқу

жетістіктерін бағалау

Белгілер қойылады

Білімсіз оқыту, мазмұнды

бағалау, өзін-өзі бағалау

құралдары мен рәсімдері

қолданылады

Өткізу уақыты

Негізгі сағат торында

Сабаққа дейін немесе кейін

Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру сапасын бағалау:
Элективті сабақтардың ұйымдастырылуын бақылау зерттеуді қамтиды:


background image

XXI CENTURY RENAISSANCE IN THE PARADIGM OF SCIENCE,

EDUCATION AND TECHNOLOGY INNOVATIONS

42

- сабақтың нысанын таңдаудың орындылығы және сабақты өткізудің

тиімділігі;

- сабақ өткізу үдерісіндегі білім алушылардың белсенділігі;
- білім алушылардың сабаққа қатысуы.
Білім алушылармен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру бағдарламасын

іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Білім алушылар зерттеп тану процедурасын байланыстырмай меңгеруі үшін

оқу жұмысын ұйымдастыру маңызды: күтілетін нәтижелердің маңыздылығына
баса назар аударуға, өзіндік немесе күтпеген түрде тұжырымдалған оқу
тапсырмасын ұсынуға болады. Білім алушылардың тапсырмада көрсетілген
проблемаға қарағанда жалпы проблеманың идеясын қамтамасыз ету маңызды. Ең
дұрысы, проблеманы ізденушінің өзі қалыптастыруы керек, алайда, іс жүзінде бұл
әрдайым орын алмайды. Мәселелерді өз бетінше анықтау қиын. Мұнда мұғалім
көмекке келуі керек. Мұғалім білім алушыларға қызықты, проблемалық
тапсырмаларды ұсынса одан әрі жұмыс істеу барысы қиындық тудырмайды.
Мұндай тапсырмалар білім алушыларды күрделі емес негіздемелерді жүргізуге,
заңдылықтарды іздеуге ынталандырады. Мысалы дайын гербарий материалдарын,
өсімдіктер, жануарлар және адам ағзаларының коллекциялары мен модельдерді
тапсырма ретінде ұсыну. Білім алушылар өз денсаулығына қызығушылықпен
қарайды, негізгі антропометриялық деректерді зерттеп тану бойынша зерттеп тану
жұмыстарын жүргізеді, экологиялық факторлардың адамның денсаулығы мен
физикалық дамуына әсері туралы қорытынды жасайды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.

Халемский

Г.А.

Научно-

исследовательская

работа

в

условиях

общеобразовательной школы//Наука и школа, 2006. - №3.
2. Черемных Г.В. Художественное оформление результатов исследовательской
работы// Исследовательская работа школьников, 2005. - №3.
3. Чиркова Е.К Проектная и исследовательской деятельность в рамках предметов
базисногоучебного плана// Исследовательская работа школьников, 2004. - №1.
4. Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей: Учеб.пособие для
студ.вузов.обуч. понаправлениию и спец психологии. – М.: ИЗД.центр
«Академия», 2002. – 320 с.
5. Кабанова-Меллер Е.Н. Учебная деятельность и приемы учебной работы/Е.Н
Кабанова-Меллер. – М.: Знание, 1981. – 96 с.
6. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. – М.: Смысл, 2005. – 431 с.
7. Музицирование для детей и взрослых, вып.2: Учебное пособие/
сост.Ю.В.Барахтин. - Новосибирск: Окарина, 2008. – 25 с.
8.

Талызина,Н.Ф.Формирование

познавательной

деятельности

младших

школьников. Кн.для учителя. – М.: Просвещение,1988. – 175 с.


Библиографические ссылки

Халемский Г.А. Научно- исследовательская работа в условиях общеобразовательной школы//Наука и школа, 2006. - №3.

Черемных Г.В. Художественное оформление результатов исследовательской работы// Исследовательская работа школьников, 2005. - №3.

Чиркова Е.К Проектная и исследовательской деятельность в рамках предметов базисногоучебного плана/Исследовательская работа школьников, 2004. - №1.

Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей: Учеб.пособие для студ.вузов.обуч. понаправлениию и спец психологии. – М.: ИЗД.центр «Академия», 2002. – 320 с.

Кабанова-Меллер Е.Н. Учебная деятельность и приемы учебной работы/Е.Н Кабанова-Меллер. – М.: Знание, 1981. – 96 с.

Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. – М.: Смысл, 2005. – 431 с.

Музицирование для детей и взрослых, вып.2: Учебное пособие/ сост.Ю.В.Барахтин. - Новосибирск: Окарина, 2008. – 25 с.

Талызина,Н.Ф.Формирование познавательной деятельности младших школьников. Кн.для учителя. – М.: Просвещение,1988. – 175 с.

inLibrary — это научная электронная библиотека inConference - научно-практические конференции inScience - Журнал Общество и инновации UACD - Антикоррупционный дайджест Узбекистана UZDA - Ассоциации стоматологов Узбекистана АСТ - Архитектура, строительство, транспорт Open Journal System - Престиж вашего журнала в международных базах данных inDesigner - Разработка сайта - создание сайтов под ключ в веб студии Iqtisodiy taraqqiyot va tahlil - ilmiy elektron jurnali yuridik va jismoniy shaxslarning in-Academy - Innovative Academy RSC MENC LEGIS - Адвокатское бюро SPORT-SCIENCE - Актуальные проблемы спортивной науки GLOTEC - Внедрение цифровых технологий в организации MuviPoisk - Смотрите фильмы онлайн, большая коллекция, новинки кинопроката Megatorg - Доска объявлений Megatorg.net: сайт бесплатных частных объявлений Skinormil - Космецевтика активного действия Pils - Мультибрендовый онлайн шоп METAMED - Фармацевтическая компания с полным спектром услуг Dexaflu - от симптомов гриппа и простуды SMARTY - Увеличение продаж вашей компании ELECARS - Электромобили в Ташкенте, Узбекистане CHINA MOTORS - Купи автомобиль своей мечты! PROKAT24 - Прокат и аренда строительных инструментов