Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы студенттердің таным қабілеттерін арттырудың жолдары

Annotasiya

Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген университетте жүргізілуде. Бұл студент бойында ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін оқытудың артықшылығы әрбір студентке психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.

CC BY f
69-72
43

Кўчирилди

Кўчирилганлиги хақида маълумот йук.
Ulashish
Тулепбаева , . Г., & Дәулетова, А. (2024). Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы студенттердің таным қабілеттерін арттырудың жолдары. Chet Tili ta’limi Sohasida Milliy Va Jahon Ilm-Fan Va Texnologiyalari Yutuqlaridan Foydalanish Afzalliklari Va Muammolari, 1(1), 69–72. Retrieved from https://inlibrary.uz/index.php/field-foreign-education/article/view/32747
Г. Тулепбаева , Markaziy Osiyo innovatsiyalar universiteti, Chimkent
Magistr talabasi
А. Дәулетова, Markaziy Osiyo innovatsiyalar universiteti, Chimkent
magistratura talabasi
Crossref
Сrossref
Scopus
Scopus

Annotasiya

Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген университетте жүргізілуде. Бұл студент бойында ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін оқытудың артықшылығы әрбір студентке психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.


background image

69

позволяет каждому студенту максимально использовать свой потенциал и достичь желаемых
результатов.

В заключение, использование искусственного интеллекта при подготовке к занятиям

английского языка является эффективным способом улучшения качества образования,
которое позволяет преподавателям более эффективно проводить работу с каждым студентом,
помогая им развиваться в изучении английского языка.

ЛИТЕРАТУРЫ

1.

Айрапетян, Ю. С. Использование нейросетей на уроках английского языка / Ю. С.

Айрапетян. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 46 (493). — С. 355-
358.

2.

Dudeney, M., & Reilly, S. (2020). Artificial Intelligence in Education: Promises and

Implications. New York, NY: Routledge.

3.

Smith, A. (2019) "The Impact of Artificial Intelligence on English Language Teaching".

Journal of Language Education, 35(4), 120-135.

4.

ХоджаниязоваУ. К., НуратдиноваН. Б.

ПРОЦЕССОБУЧЕНИЯПРОВЕДЕНИЮПРЕЗЕНТАЦИЙНААНГЛИЙСКОМЯЗЫКЕ
//QUALITYOFTEACHEREDUCATIONUNDERMODERNCHALLENGES. – 2023. – Т. 1. – №.
1. – С. 1015-1017.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Магистр Тулепбаева Г.К., Дәулетова А.С.

Орталық Азия инновациялық университеті

Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген университетте жүргізілуде. Бұл

студент бойында ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына
тікелей ықпал етеді. Шетел тілін оқытудың артықшылығы әрбір студентке психологиялық
ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі
білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте
мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.

Алғашқы жылдары (1-курсында) студенттерді шетел тіліндегі дыбыстарды дұрыс

айтуға, буындарды сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі
бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат
беріледі. Осы бастапқы уақытта студенттерді түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет.
Жоба әдісін қолдануда студенттер өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік
шығармашылық қабілеттері артады.

Жалпы жоба жұмысы — белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай,

танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің
нәтижесін көрсеткен жөн. Жобалау әдісінің негізінде студенттің өз бетімен танымдық қабілеті
дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау,
шығармашылық зерттеуге дағдыланады.

Жобалау әдісі XХI ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса

да біздің елімізде тек соңғы жылдары ғана қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, студент
өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады.
Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуда дамиды. Ол үшін шығармашылық
хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б. қолданылады. Түрлі
жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді.
Сабақты түрлендіре өткізу студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады. Студент
мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр студенттің психологиялык
ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылының басында оқьпушы
жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Студенттер бағдарламадағы


background image

70

белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым-
қатынас жасай алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы
әңгімелей білу керек.

Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты — студенттердің қарым-қатынас жасай алуға түсе

алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа
тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:

— студентке колайлы оку ортасын калыптастыру;
— студенттің оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту;
— студенттің эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
— оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;
— ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
— шет тілін студенттің жеке қызығушылығымен байланыстыру;
— студент – субьект, оқытушы — кеңесшісі болу;
— сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Жоба әдісін

қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.

«Шетел тілі оқу курсы» — студенттердің шетел тілінен берілетін білімге деген

мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын,
олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып-білу
дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіруге қажетті курс. Шетел тілін
оқытудың басты мақсаты –студенттерге шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық
деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті,
яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу)
өзара мәдени қарым-қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын
қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар
енеді.

Осыған орай ғылыми зерттелген білім беру әдістерін іс жүзіне асыруда білім берудің сан

алуан жаңа технологиялары пайдаланылып жүр. Солардың бірі – Ұлыбританияның
«Кэмбридж» университетінің әдістемесінің басылымындағы «Cutting Edge» оқулығы.
Модульдеп оқыту технологиясы негізінде жасалынған оқулық –

біріншіден,

күнделікті

тұрмыс қажетіне, ситуацияларға негізделген коммуникативтік курс.

Екіншіден,

бұл әдіс

ағылшын грамматикасын анық және жанамалап таныстыратын күнделікті сөздерде қолдануға
үйрететін структуралық курс. Сондықтанда, бұл әдісте студенттердің тілге деген
қызығушылығын арттыратын тақырыптар мен тапсырмалар көп берілген. Коммуникативтік
курс негізінде оқытудың түрлері: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу тығыз байланыстырылып
құрылған.

Еліміздің шет елдермен қарым –қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде

студенттердің шетел тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін
арттыру әрбір шетел тілі оқытушысының міндеті. Студенттердің сабақтағы белсенді іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық,ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім
сапасын көтеруде оқытудың жаңа технологияны пайдаланудың мәні зор.

Сабақты түрлендіріп өткізу үшін, студенттердің білім деңгейі жоғарғы дәрежеде болуы

шарт, сондықтанда жобалау сабақтарын жоспар бойынша берілген тақырыптарды меңгерген
кезде, қортынды сабақ ретінде өткізсе, тиімділігі жоғары болады.

Жобамен жұмыс істейтін студенттер бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа білім деңгейі

жоғары студент жетекшісі болып, басқаларға көмек көрсету, түсінбегенін түсіндіру.Топқа
бөлуде студенттердің психологиялық үйлесімділігін де ескеру өте маңызды.

Жобалау әдістемесі бойынша істелетін жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады:

Бірінші кезеңде оқытушының көмегімен студенттер істейтін жұмыстарының мақсатын

белгілеп, проблемаларды анықтайды.Әртүрлі сурет, сызба, мәтін т.б. жобаға қажетті
материалдар жинастырады.

Екінші кезеңде істейтін жұмыстың жоспары жасалып, топ мүшелері өздеріне нақты

тапсырма алады.


background image

71

Үшінші кезеңде оқушылар әртүрлі лексикалық, граматикалық, ойлау, оқу, сөйлеу т.б.

қабілетттерін дамытатын жаттығулар орындап, білімдерін жетілдіреді, туындалған
проблеманы шешуге, жобаны жасауға әдіс, тәсідер мен жұмыс түрлерін анықтайды.

Төртінші кезеңде әр топ өздері белгіленген жобаны жасап, дайындайды.
Жұмыстың бесінші, қортынды кезеңінде студенттер дайындаған жобаларын қорғап,

пікірлерін дәлелдейді.

Эксперт тобы әр топтың жұмысына талдау жасап, қоыртындылайды.Сабақ соңында

студенттер сабақ туралы өз пікірлерін айтып, келесі сұрақтарға жауап беріп, қортынды
жасайды:

1.

Жобалау әдістемесі пайдалынылған сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2.

Жасаған жұмыстың білімдеріңді кеңейтуге тигізген пайдасы болды ма?

3.

Дайындық кезінде қандай ізденіс жұмыстарын жүргіздіңдер?

4.

Жұмысты жасауда жіберген кемшіліктерді жою жолдары қандай? Нені ескертіп, неге

көңіл аудару қажет?

Оқытушы әр кезеңде әр түрлі роль атқарады, ол – көмекші, бақылаушы, нұсқаушы

жұмыстың барлық кезеңінде студенттердің іс — әректтерін қолдап, мадақтай келе, олардың
ынтасын көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Жобамен жұмыс істеу әрбір студенттің жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады,

шығармашылық қабілетін дамытып, оқытудың түпкі мақсаты: білім сапасын жақсартуға үлкен
ықпалын жасайды.

Тіл – ол әрбір халықтың мәдинетін, тарихын, тұрмыс – тіршілігін, сол халықтың

стеоротипін сипаттайтын зерделі айна.

Тіпті жеке тұлғаны алып қарасақ та оның сөйлеген сөзіне, айтқан әңгімесіне, сөйлеу

мәнеріне қарап, біз ол адамның мәдениетін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, тіпті оның
географиялық мекенін де анықтай аламыз. Соңғысы ол әрине ол диалектологияға байланысты.
Жастарымыз еліміздің болашағы дейміз, өркениетке жету жолында жастарымызға сенім
артамыз. Егер жастарға білім беру, оларды тәрбиелеу жауапкершілігі мына біздерге,
оқытушылырға жүктелетін болса, шет тілдердін үйренудегі коммуникативті – танымдық
оқыту әдісін ұсынғым келеді.

Бірақ алдымен, осы шет тілдерін оқыту әдістемесінің зерттеулеріне сүйене отырып,

өткен ғасырдың соңғы 30 жылында жеткен жетістіктеріне тоқтала кетсек:

1) Шет тілін оқу процесін сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары анықталып,

әдістемелік түсініктердің жүйе құрылымы пайда болуы.

2) Даму заңдылықтары бұрынғыдай пәлсапаның жаңа зерттеулерімен, лингвистикасмен,

психологиямен, психолингвистикасы және жалпы дидактикамен байланысып жатқан шет
тілін оқытудың теориялық және практикалық әдістемелер негіздерін түзету жобасы
ұсынылады.

3) Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әртүрлі жас

ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір – бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекетінің
негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында
комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдарын анықтады.

4) Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елдің мәдениетін зерттеуде айтулы

нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен, тіл және мәдениет арасындағы қатынас мәселесі шет
тілін үйренудегі белгілі ережелер ретінде әлікүнгедейін толық қанды ашылмай отыр.

5) Шет тілін үйренудің қай сатысында болсын оны меңгеру процесінде ана тілінің

«ерекше маңызы» анықталады.

6) Шет тілін үйрену процесіндегі комуникативті бағытталған негізі ұсынылады, ол

дегеніміз шет тілінін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлығы, белсенділік әрекеті,өз
бетінше жұмыс істей алу еркі, яғни осы әректтердің барлығы шет тілін
үйренушінің бойынан табылатын болса, онда бұл әрекеттер шет тілін үйрену процесін
жеңілдеткен болар еді.


background image

72

7) Шет тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық апараттарды

пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді.

8) Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан шет тілінде сөйлеу проблемалары көтеріліп,

сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік жаттығулар орындау,
коммуникативтік компетенцияларды дамыту енгізіледі.

9) Шет тілін оқытуда әсіресе жоғарғы оқу орындарына көп көңіл аударылып, шет тілін

оқыту жүйесінің қай саласы болсын, білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның
актуалды проблемасы ретінде қарастырылып, сараптау, яғни тестілеу арқылы шет тілін
үйренушінің нәтижелері қадағаланып, олардың оқу сатылары анықталып отыратын болды.

Дегенмен, жоғарыда шешімі табылғандай көретін проблемаларға үңіле кетсек олардың

әлі де болса зерттеулер мен толықтыру қажет ететінін байқаймыз. Қазіргі жаңа әдістемелік
зерттеулерге сүйенсек те, бұрынғыларына қарасақ та, коммуникативі оқыту әдісі
проблемасының маңызы зор.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.С.Н. Степанова. English for pedagogical education-2014
2.Баймұқанова Б., Батықова Ж. Ағылшын тілі практикумы : Оқу құралы. – Астана :

Фолиант,2010. – 192 бет.

3.Бонк Н.А. и др. Учебник англ. языка. В 2-х частях. Ч.1. – М: Товарщество «Деконт»,

1995. 2.Бонк Н.А. и др. Учебник англ. языка. В 2-х частях. Ч.2. – М: Товарещество «Деконт -
Гисс» , 2000.

4.Блох М.Я. и др. Английский артикль : Объяснение,употребление, тренинг, ключи,

справочник : Учебное пособие. – М.: АСТ; Астрель,2008. – 381 стр.Полат Е.С. Новые
педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3.






Bibliografik manbalar

С.Н. Степанова. English for pedagogical education-2014

Баймұқанова Б., Батықова Ж. Ағылшын тілі практикумы : Оқу құралы. – Астана : Фолиант,2010. – 192 бет.

Бонк Н.А. и др. Учебник англ. языка. В 2-х частях. Ч.1. – М: Товарщество «Деконт», 1995. 2.Бонк Н.А. и др. Учебник англ. языка. В 2-х частях. Ч.2. – М: Товарещество «Деконт - Гисс» , 2000.

Блох М.Я. и др. Английский артикль : Объяснение,употребление, тренинг, ключи, справочник : Учебное пособие. – М.: АСТ; Астрель,2008. – 381 стр.

Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологий // Иностранный язык в школе. 2004. №3.